Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


«ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Англия, Франция, Италия»



бет38/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

«ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Англия, Франция, Италия»


Жоспар:
1 ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы І жартысындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
2 Ағылшын реформациясының ерекшеліктері.
3 ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың І жартысындағы Франция.
4 ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Италия.


ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы І жартысындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. ХҮІ- ғасырда Англия территориялық жағынан басқа Европа елдеріне қарағанда шағын болды. Шотландия әлі Британия корольдығына кірген жоқ еді. Салыстырмалы түрде алғанда Англияның халық саны да аз болды. Мысалы, Германияның халқы – 20 млн., Францияның халқы – 15 млн., Испанияның халқы – 10 млн. болғанда ағылшын халқының саны ХҮІІ- ғасырдың басында бар болғаны 4 млн.-нан зорға асты. ХҮІ ғасырдағы Англияны, тіпті, қалалар елі деп атауға келмейтін. Бірақ осы бір Европаның шетінде орналасқан аралдық елде шаруашылықтың капиталистік формаларының дамуы интенсивті түрде жүрді.
ХҮІ ғасырдағы ағылшын экономикасының спецификалық ерекшеліктерінің бірі – капиталистік қатынастардың өнеркәсіпте де, ауылшаруашылығында да бір уақытта дамуы болып табылады. Ол олма, басқа елдерден ерекшелігі мұнда дәстүрлі қатынастардың сынуы – деревняда капиталистік мануфактураға қарағанда жылдам жүрді. Жаппай пауперизм, қайыршылық пен қаңғыбастық әлеуметтік проблемалардың айрықша өткір болуына алып келді: өнеркәсіп -деревнялардан қуылған, экспроприацияланған шаруалар бұқарасын “жұтып” үлгіре алмай жатты.
Тюдорлар династиясы (1485-1603) қайыршы шаруаларға қарсы қатаң заңдар шығарды. Ол бойынша тек еңбекке жарамсыздар мен еңкейген қарттарға ғана қайыр сұрауға рұқсат етілді. “Дені сау” қайыршыларға дүре соғылып, түрмелерге жабылды. Билік қайыршыларды олардың бастапқы мекеніне жіберіп отыруға тырысты. Сондай-ақ, үкімет лордтардың қоршап алуларына қарсы шаралар да қолданып, заңдар қабылдады. Өйткені, қайыршыланған шаруалар нашар алым-салық төлеушілер болды. Шаруалар санының азаюы елдің әскери жасақтарының жағдайына да кері әсер етті. Үкімет бір жарым ғасыр бойы (ХҮ ғ. соңы - ХҮІІ ғасыр ортасына дейін) қоршап алуға қарсы ордононстар мен үкімдер шығарумен болды. Алайда, олардың барлығы нәтижесіз аяқталды.
Ағылшын шаруалары феодалдық езгімен, қоршап алуға қарсы әлеуметтік күреске шықты. Олардың ішіндегі ең ірісі Норфольк графтығындың Роберт Кэт бастаған шаруалар көтерілісі болды (1549). Үкімет көтерілісті басу үшін негізінен неміс және Итальян жалдамаларынан тұрған 15 мын. әскер жіберді. Көтеріліс 1549- жылдың 27 тамызында басып жаншылды.
Ағылшын реформациясының ерекшеліктері. Тюдорлардың абсолюттік монархиясының нығаюына Реформацияда септігін тигізді. Англиядағы реформацияның ерекшелігі ол жоғарыдан король өкіметінің инициативасымен жүргізілгендіктен кең қоғамдық қозғалысқа ұласқан жоқ. Ағылшын шаруалары Реформациялық ағымдар мен қозғалыстарға дұшпандықпен қарады. Оның себебі: шіркеу жерлерін секулеризациялау-қоршап алу мен шаруаларды экспроприяциялаудың жаңа толқынын тудырды. Ағылшын үкіметі алғашында реформацияға теріс қарады. Король Генрих ІІІ, тіпті, Лютерьге қарсы айтыс – тартыстарға қатысты. Алайда, Генрих ҮІІІ-нің (1509-1547) бірінші әйелі Екатерина Арагонскаямен ажырасу процесінің барысында Рим папасымен жанжалы басталды. Екатерина Карл І-ің немере әпкесі болғандықтан, рим папасы ажырасуға рұқсат беруге батылы бармады. Бұған жауап ретінде Генрих ҮІІІ папаның рұқсатынсыз ағылшын қалыңдығы Анна Болейнге үйленді (1533), сөйтіп, өзін ағылшын шіркеуінің басшысы деп жариялады (“Супрематия туралы акт”). Айта кететін жәйіт, акті де барлық ескі католиктік догматтар мен жораларға қол сұғылмайтындығы туралы айтылды. Тек шіркеуді басқару, онда да жоғарғы инстанциялары ғана өзгертілді. Папаның орнын король алды, бірақ епископат сол қалпында қалдырылды. Сонымен, жаңа ағылшын (англикан) шіркеуі католицизм мен протестантизмнің арасындағы аралық позицияны ұстанды.
Өзінің ұйымдық құрылымы жағынан ол арзан католиктік шіркеуден аулақ болды. Ол мынандай белгілерімен ерекшеленді: 1. Шіркеудің мемлекеттік аппараттық бөліміне айналуы және оның светтік билікке бағынуы. 2. Кейбір протестанттық және католиктік догмалардың біріктірілуі. 3. Иконаға табынушылықты жоққа шығару, бірақ кейбір жораларды мойындау. 4. Діни рәсімдердің сән салтанатты өтуі, сондай-ақ, шіркеу пайдасына алынатын алым салықтар сақталынды. Салық енді корольдің қазынасына жиналатын болды. 5. Монахтық жойылды, бірақ епископат сақталынды.
Шіркеу жерлерін секулеризациялаудың орасан зор әлеуметтік салдарлары болды. Олар шұғыл сатылып жіберілді немесе корольдің сүйіктілеріне (фавориттеріне) бөлініп берілді. Осыншалықты дәулетке ие болған орта және ұсақ дворяндардан шыққан жаңа меншік иелері буржуазиялық топтардың қатарын көбейтті. Нақ Генрих ҮІІІ тұсындағы реформация нәтижесінде буржуазиямен жақындасқан жаңа дворяндар тобы (джентри) қалыптасты. Жаңа дворяндар болашақ ХҮІІ- ғасырдың ортасында болған ағылшын буржуазиядлық революциясында буржуазияның сенімді одақтасы болды.
Генрих ҮІІІ қайтыс болғаннан кейін оның кәмелетке толмаған ұлы Эдуард (1547-1553) королдық етті. Оның тұсында ағылшын шіркеуі протестантизмге біршама жақындады (жазмыш туралы догматты мойындау), алайда 1553 жылдан бастап, Генрих ҮІІІ мен Екатерина Арагонскаяның қызы Мария Тюдордың билікке келуімен елде католиктік реакция орнады. Оның үстіне Мария Тюдор испан королі Филипп ІІ –нің әйелі еді. Испанияның жәрдеміне сүйенген Мария Англияда католицизмді қалпына келтіруді, сөйтіп протестантарға қарсы қатаң қуғын-сүргін ұйымдастырды (“Қанқұйлы Мария” атанды). Бірақ Мария Тюдор өмірі ұзақ болмады. 1558- жылы кенеттен қайтыс болды. Жағдайды пайдаланып және ағылшын парламентінің қолдауына арқа сүйеген ағылшын шонжарлары король етіп – Генрих ҮІІІ-нің Анна Болейннен туған қызы Елизавета І-ні сайлады (1558-1603). ХҮІ ғасырдың екінші жартысында толық билік құрғандықтан бұл кезеңді кейде “Елизаветаның алтын ғасыры” деп те атайды.
Елизавета І-нің табысты ішкі және сыртқы саясаты оның буржуазиялық топтар алдындағы беделін айрықша көтерді. Парламент Елизаветаның үкіметіне қаражаттарын үлкен ықыласпен беріп отырды. Алайда, Елизавета І-ң басқаруының соңғы жылдарында абсолютизмге деген буржуазиялық наразылықтың алғашқы нышандары сезіле бастады. Діни – саяси форма алған оппозициялық көңіл күй өсе түсті. Королдық жұмсақ реформация, Англияда айрықша белсенділігі мен ерекшеленген радикальды өнеркәсіп буржуазиясын қанағаттандырмады. Ағылшын буржуазиялық топтарының арасында аса танымал болған Кальвиннің жақтастары, өздерін пуритандар (лат. “адал”, “таза”) деп атады . Пуританизм Англияда ХҮІ ғ. 70-жылдары пайда болды. Кальвинизмнің радикальды идеялық ағымдық қанаты ретінде бұл қозғалыста: екі бағыт көзге түсті – пресвитериандар мен индепенденттер. Болашақ ағылшындық буржуазиялық негізгі екі партияның қалыптасуында олар үлкен роль атқарды.
Елизавета Тюдордың басқарған жылдарында Англияның шаруашылық өмірі интенсивті түрде дамып отырды. Нақ оның басқарған жылдарында сан жағынан өте көп сауда компаниялары құрылды, мұхиттың арғы жағындағы ағылшын отарларының негізі қаланды, ағылшын флоты қарқынды өсті, капиталистік фермерлік тамырын тереңге жайды – мұның барлығы “Елизавета ғасыры” дейтіннің неғұрлым жарқын сипаттарын құрайды. Протестантизмді қалпына келтіре отырып, Елизавета жаңа дворяндар мен буржуазияның талап тілектеріне қолдау көрсетті. Генрих ІІІ-нің тұсындағыдай парламент ханшайымға үнемі қол ұшын беріп отырды, феодалдық католиктік топтарға қарсы күресте жәрдемін аямады. Католиктер үміт артқан Шотландия королевасы Мария Стюарт (олда Тюдорлардан) тақтан тайдырылып елден қуады. Ол Елизавета агенттерінің қолынан 1587- жылы өлтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет