2. Микробөлшектің толық тыныштық күйде болуы мүмкін еместігі жайындағы қорытынды – бөлшектің дәл анықталған координаты және дәл нөлге тең импульсы болатын күйінің мүмкін еместігі. Шынында да, егер, бөлшек координатының өзгеру аймағы шектелген болса, мысалы, ∆x=b, онда (3)-ке сәйкес, бөлшектің импульсы, мәндерінің ауытқулары ∆рx=ћb, демек, оның энергиясы нөлден өзгеше болады. Импульс мәндерінің ауытқулары ∆=ћb, pxmin∆pxmin деп ұйғарып, микробөлшектің ең кіші (нөлге тең емес) энергиясын табамыз:
.
Сонымен, кванттық механикада микробөлшек толық тыныштық күйде бола алмайды.
3. Анықталмағандықтар қатынастарынан келіп шығатын тағы бір маңызды қорытынды: бөлшектің толқындық қасиеттерін ескергенде бөлшектің толық энергиясын кинетикалық және потенциалдық энергияға бөлудің мағынасы жойылады. Екин бөлшектің импульсына, ал ЕпотU – бөлшектің координатына тәуелді. Бірақ, (3)-ке сәйкес, координата мен импульстың бір мезгілде дәл мәндері болмайтындықтан, E толық энергияны бір уақытта дәл анықталған кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы түрінде келтіруге болмайды. Сонымен, Екин және U-дың лездік мәндері үшін E= Екин +U теңдігі кванттық механикада мүмкін емес.
Сұрақтар
Неліктен микробөлшек үшін траектория ұғымын қолдануға болмайды?
Координат пен импульс үшін анықталмағандықтар қатынастарының физикалық мағынасы қандай?
Энергия мен уақыт үшін анықталмағандық қатынасының физикалық мағынасы қандай?
және жағдайларында неліктен және қандай жағдайда бөлшектің траектория бойынша қозғалуы жайында айтуға болады?
Қандай жағдайда және неліктен (, , ,) бөлшектің тәртібін бейнелеу үшін кванттық немесе классикалық көріністерді пайдалануға болады?