Физикалық модель-шын мәнісінде жоқ, ойдан құрастырылған абстрактілі нысан. Зерттелініп отырған процесстің мәні мен маңызын сақтай отырып, зерттеуге «кедергі» келтіретін, маңызды емес кейбір жағдайларды ескермей алынған ықшамдалған, абстрактілі имитациясы. Нақты құбылысты бұлай жеңілдету арқылы жүргізілген зерттеулер оң нәтижелер беріп, практикада көптеп қолданылады.
Осындай механикада қолданылатын идеалдандырылған физикалық модельдердің бірі-материалдық нүкте.
Материалдық нүкте- қарастырылаты жағдай үшін өлшемдері ескерілмейтін, массасы белгілі бір шамаға ие дене. Оның кеңістіктегі орны геометриялық нүкте ретінде анықталады. Яғни, материалдық нүктенің өлшемі геомертриялық нүктеге шоғырландырылған. Бір денені зерттеу барысында материалдық нүкте деп қарастыратын болса, екінші бір есепте оны материалдық нүкте ретінде алуға мүлдем болмайды. Бұл есептің шартына байланысты болады.
Механикада қолданылатын тағы бір физикалық модель-абсолют қатты дене. Абсолют қатты дене - кез-келген жағдайда деформацияға ұшырамайтын және оның кез-келген екі нүктесінің (екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермейтін дене.
Физикадағы тағы бір физикалық модель нүктелік заряд. Нүктелік заряд- әрекеттесетін заряды бар денелерге дейінгі ара қашықтықпен салыстырғанда өлшемі өте кішкентай, заряды бар дене. -суретте көрсетілген заряды бар үш дене көрсетілген. Бірінші шар мен екінші шардың ара қашықтығымен салыстырғанда екінші шардың өлшемі өте кішкентай. Сол себепті, шартты түрде бірінші және екінші шарларды нүктелік заряд ретінде қарастыруға болады. Ал екінші және үшінші шардың арасы өте жақын. Олардың өлшемдері екеуінің ара қашықтығымен салыстырғанда нүктелік заряд деп ала алмаймыз.
Ал физикадағы процестерді моделдеуге математикалық маятниктің қозғалысы мен идеал газдардағы процестерді алуға болады.
Физикада және техникада халықаралық бiрлiктер жүйесi (СИ) қолданылады.
СИ жүйесiнде 7 негiзгi бiрлiк және 2 қосымша бiрлiк бар.