Лекция 1. Кіріспен. Жаратылыстану ғылымның даму тарихы. Физикадан басқа ғылым салаларының бөлінуі. Материя. Оның түрлері мен қасиеттері.
Жоспар: 1.Ғылымның дамуы.
2.Физикадан басқа ғылым салаларының бөлінуі.
3.Материя. Оның түрлері мен қасиеттері.
Ғылым - қоршаған орта туралы нақты ақпарат пен білімді қорын жинақтауды мақсат ететін адамзаттың рухани және зияткерлік іс-әрекеті. Ғылымның дамуы мына берілген суреттегі ретпен дамиды.
Физикадан ашылған заңдар мен зерттеулердің барлық нәтижелері жаратылыстану ғылымдарының басқа салаларында кеңінен қолданылады. Кез келген зерттеу, оның ішінде физикалық зерттеулер де қандай да бір жолмен түсіндіруді қажет ететін физикалық құбылыстың ашылуынан (кейде бұл мүлдем кездейсоқ жағдайда орын алуы да мүмкін) немесе байқалуынан басталады. Ғылымда табиғатты зерттеу алғашында тек жорамалдар мен болжамдар түрінде болып, көптеген бақылаумен және эксперименттермен тексеріле келе, олардың нәтижелері расталғаннан соң ғана нақты теорияларға айналады. Осы теория арқылы құбылыс жан-жақты зерттеліп, басқаша жаңа зерттеулер мен теориялардың бастауы болған жағдайлар да кездесуі мүмкін. Зерттеу мұнымен шектелмейді. Теорияны тексеру, толықтыру, нақтылау, тереңдету тоқтамайды. Себебі, танымның шегі жоқ.
Физика табиғат туралы ғылым екені белгілі. Ежелгі грек ойшылы Аристотель (б.з. д. IV ғ.) "Физика" деп атады энциклопедиялық шығармасында сол кездегі табиғат туралы барлық мәліметтерді (геометрия, астрономия, егіншілік, медицина, ботаника және т.б. бойынша білім) қамтыды.
Осылайша, физика бастапқыда барлық жаратылыстану ғылымдарының негізі болып саналды. Уақыт өте басқа ғылым салалары физикадан бөлініп, ғылымның жекелеген салаларына айналды. Сонымен, физика нені зерттейді? Ол қандай ғылым саласы?
Физика материяның қозғалысының, оның түрленуінің ортақ заңдылықтарын зерттейтін ғылымның саласы. Табиғатта не нәрсе бар, сол материя. Ол уақыттың өтуімен қатар кеңістікте үздіксіз қозғалыста болады.
Материя деп адам санасынан тыс, табиғатта (ғаламда) объективті (нақты) бар нәрсе. Оны адамның сезім мүшелерімен, арнайы құралдармен сезінуі, көруі де мүмкін. Тіпті адам баласы көрмеген, сезбеген нәрселердің де болуы мүмкін. Себебі материя шексіз, шетсіз.