Лекция Кіріспен. Жаратылыстану ғылымның даму тарихы. Физикадан басқа ғылым салаларының бөлінуі. Материя. Оның түрлері мен қасиеттері. Жоспар


Материяның ажырамас қасиеті –қозғалыс



бет2/5
Дата22.05.2023
өлшемі475,72 Kb.
#95884
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция Механика Ф-22-1

Материяның ажырамас қасиеті –қозғалыс. Табиғаттағы болып жатқан процестерді материяның өзгерісі мен түрленуі деп түсіну керек. Осылайша, барлық объективті бар нәрселер материяның болуының және қозғалысының түрлі формалары болып табылады.
Табиғатта материя зат (физикалық дене) және өріс түрінде болады.





Материя- элементар бөлшектерден (кварктар, электрондар, протондар, нейтрондар және т.б.) құралатын (атом, иондар, молекулалар) физикалық дене (қатта денелер-кристалдар, сұйықтар, газдар және т.б).
Зат (дене)- атомдардан, молекулалардан немесе жалпы айтқанда, тыныштық массасы бар бөлшектерден құралған материяның бір түрі. Яғни материя зат түрінде- электрондар, протондар, атомдар, молекулалар және т.б. бөлшектерден тұрады.
Өріс-зат бөлшектерінің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамассыз ететін материяның түрі. Материяның өрiс түрiне - гравитациялық (тартылыс), электр, магнит және т.б. өрiс жатады.
Материяның қасиеттері: жоқтан пайда болмайды және жойылмайды, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүреді, кеңістікте шексіз, құрылымы алуан түрлі.
Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы материяның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі.
Физика-материалдық дүниенің қарапайым әрі жалпылама қасиеттері мен заңдылықтарын сипаттайтын, яғни материяның құрылысы, оның болу формалары мен бір-бірімен әрекеттесуі, қозғалысының түрлерін (механикалық, жылу, электромагниттік, гравитациялық, атомдық, ядролық және т.б.) зерттейтін ғылым. Физикада зерттелетін материяның қозғалыс формалары (механикалық, жылулық және т.б.) материяның басқа да күрделі қозғалыстарында (химиялық, биологиялық және т.б.) «қатысады». Сол себепті, ол қарапайым бола отырып, материяның қозғалысының жалпылама түрі болып табылады.
Осының негізінде физика басқа ғылымдардың іргетасы, негізі болып есептеледі.
Физика арқылы басқа ғылым саналасын зерттеуге, түсінуге, қоршаған орта туралы нақты ғылыми түсінікке ие болуға, өте пайдалы практикалық білімі (мысалы, мұздатқыштың, фотоаппараттың жұмыс жасауын түсіну, физикалық құбылыстар, мысал, туралы кемпірқосақ, найзағай сияқты табиғи құбылыстарды түсіну) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет