Лекция Комплексонометрия әдісінің маңызы. Комплексондар. Металлхромды индикаторлар және оларға қойылатын талаптар



бет3/6
Дата08.04.2023
өлшемі236,66 Kb.
#80498
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 лекция Комплексонометрия (2)

2-кесте
200С және ерітіндінің иондық күші 0,1 моль/л болғандағы ЭДТА-мен кейбір металл комплекстерінің тұрақтылық констаналары
Магний, кальций және басқаларды тек сілтілік ортада титрлеуге болады. Көптеген катиондар аммиакты буферлі ерітіндіде титрленеді, Ғе3+, Zr4+ сияқты ете берік комплекс түзетін катиондар қышқылдығы басым ерітіндіде титрленеді.
рН = 3 - 6 болғанда ерітіндіде негізінен Н+2Ү2- иондары, ал рН < 2 — қышқыл болады.
1-суретте рН-қа байланысты болатын ЭДТСҚ түрлері (форма) көрсетілген. ЭДТСҚ өзінін құрамында 6 функциональдық топқа ие: екі амин және терт карбоксильдік — осыған орай хелат түзуші мүкіндігі (алты дентатты лиганд) бар.


1 –сурет. ЭДТА диссоциасының РН-қа әуелділігі
Екі валентті катионның ЭДТА –мен комплексінің құрылымын графиктік түрде келесі формуламен көрсетеміз, мұнда түзілетін үш бес мүшелі цикл жеткілікті дәрежеде тұрақты болып табылады:

Титрлеу әдісі
ЭДТА-ны тікелей титрлеуді қалыпты әдіспен өткізеді: анықталатын катионы бар анализденетін ерітіндіні титрлеуге арналған колбаға құяды, буферлік қоспа мен иңдикатор қосады да ЭДТА ерітіндісімен индикатор түсі өзгергенше титрлейді.
Кері титрлеу әдісін катионның ЭДТА-мен реакциясы жай жүргенде қолданады (мысалы, А13+ ионымен), егер суда нашар еритін, бірақ ЭДТА-да еритін қосылыстарды (MgNH4PO4, ВаSО4 және т.сс.) анализдегенде қажетті индикатор жоқ болса және басқа жағдайларда.
Анализденетін ерітіндіге ЭДТА стандартты ерітіндісіндей; өлшенген мөлшерін, ол артығымен болуы керек, содан соң буферлік қоспа және индикаторды қосамыз. ЭДТА-ның артық мөлшерін (реакцияға түспей қалған) хлорид немесе магний не мырыш сульфаты ерітіндісімен титрлейді.
Комплексонометриялық орын басарды титрлеу қалыпты әдіспен өткізеді. Анализденетін ерітіндіге Мg2+ комплексімен ЭДТА-ны қосады (басқа комплекстерге қарағанда ең тұрақсыз комплекс). Мg2+ анықталатын катионмен ығыстырылады:
Ғе3+ + МgҮ2- ↔ Мg2+ + ҒеҮ-
Бөлініп шыққан Мg2+ ЭДТА-мен титрленеді.
2О + Мg2+ + Н2Ү2 ↔ Мg Y2- + 2Н3О+
Егер титрлегенде буферлік қоспа пайдаланылмаса, онда бұл жағдайда басқа вариантты ұсынады, металл тұзының бейтарап ерітіндісіне ЭДТА-ның артық мөлшерін қосады да белініп шыққан сутек иондарын (немесе гидроксоний) сілтінің стандартты ерітіндісімен титрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет