Индикаторлық қателіктер Комплексонометриялық титрлеудін соңғы нүктесін индикатордың түсінің езгеруі бойынша анықтайды.
Индикатордың металмен комплекстерінің беріктігі ерітіндінің рН-на тәуелді. Титрлеу процесінде металдың индикатормен комплексі бұзылып, титрантпен беріктеу комплекс түзіледі, титрлеудің соңғы нүктесінде ерітінді түсі езгереді.
Индикатордың әр түрлі комплекстері, бұрын аталғандай бояулары түрліше болады. Бұны титрлеу кезінде есепке алу қажет. Эмпирикалық ереже бар: егер рМэкв< рМт, онда аралас бояу пайда болғанша, ал егер рМт.< рМэкв, оңда баяу толық өзгергенше титрлеу қажет.
Басқа титриметриялық әдістердегідей, дұрыс нәтижелер алу үшін комплексонометрияда индикатордың рМт титрлеу қисығының секірмесі аймағына кіруі қажет. Тәжрібеде эквиваленттік нүктесі мен индикатор бояуының етуі толық дәл келе бермейді, сондықтан индикаторлық қателік ΔрМ пайда болады:
Δ рМ = рМт - рМэкв Қателіктер ете аз болуы үшін, төмендегі талаптар орындалуы қажет:
— металдың индикатормен комплексінің шартты тұрақтылық комплексінің мәні 1*104 көп болуы қажет,
— Ктжәне КMIndтұрақтылық константалары бірнеше ретке ерекшеленуі керек,
— индикаторды ион концентрациясын 1%-тен артық емес, қосқанда, ерітіндінің бояуының қанықтығын қамтамасыз етсін.
— титрлегенде ерітіңдіні сұйылту тек қана рМт > рМэкв (яғни ΔрМ > 0 болғанда) мақсатқа сай.
ЭДТА-мен тек бір элементтің ионы ғана әрекеттескенде, тиісті жағдай жасағанда бірнеше иондарды дифференциалды комплексонометриялық титрлеу мүмкін. Бұған, әдетте, ерітіндінің рН-ын өзгертіп немесе басқа иондарды ЭДТА-ға карағанда берік комплекстерге байланыстырып бүркемелеу арқылы жетуге болады.
Дифференциалды титрлеудің міндетті шарты анықталатын ионның 99,9% ЭДТА-мен комплекске байланысып, ал кедергі жасайтын ион 0,1%-тен артық байланыспауы талап етіледі.
5-кестеде иондарды бүркемелеу мысалдары көрсетілген, онда барлық комплексонометриялық титрлеу әдістерінде маңызды рольді сутек иондары, яғни ерітіндінің рН атқарады.
5-кесте
Бақылау сұрақтары: 1. Әдістің негізі 2. ЭДТА-мен комплекстердің құрылымы, тұрақтылығы және құрамы 3. Титрлеу әдісі а) жұмысшы ерітінділер б) титрлеу қисықтары 4. Комплексонометрия индикаторлары 5. Индикаторлық қателіктер