1.Ес процестері және олардың негізгі сипаттамалары.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғырту. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар жадыда сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Ес - дегеніміз адам тәжірибесін есте тұту, сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіру. Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады. Ес дегеніміз бұрынғы тәжірибені бейнелеу немесе жаңғырту болып табылады.
Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасында біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді. Егер де ес болмаса, онда біз қазіргі қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана есте сақтаған болар едік. Бүкіл қабылданғанның бәрі бізге жаңа сияқты көрінер еді. Адам есті болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.
Ес іс-әрекет және басқа психикалық үрдістерді дамыту үшін мәні орасан зор. Ес үрдісі біздің қабылдауларымызды байытады.Ес – кез-келген іс-әрекеттің қажетті шарты. Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.Ұлы орыс физиологі И.П.Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді. Мнемотехника - бір нәрсені ұмытып қалмас үшін, жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Естің жемісті болу шарттары:
Объективті себептер
|
Материалдардың айқындық сипаты
|
Субъективті себептер
|
Есте сақтау типі
|
Саналылығы
|
Жағдай
|
Байланыс шарты
|
Байланастылығы
|
Материалдың көлемі
|
Қызығу
|
Түсініктілігі
|
|
Бұрынғы тәжірибе
|
Көрнекілігі
|
|
Ағзаның жай-күйі
|
Ырғақтылығы
|
|
Ес процестеріне есте қалдыру, қайта жаңғырту, есте сақтау, ұмыту жатады.
1). Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны игеру процестері. Есте қалдыру физиология түсінігінде мидағы қозулардың пайда болуы. Мидағы заттар немесе құбылыстардың арасындағы байланысты бірлестік психиканың және естің жақсы жұмыс істеуі мүмкін емес.
2). Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде еске түсіру, естегі барды сақтап қалу, мидың іздері мен байланыстарын жаңғырту. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады.
3). Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: ырықты, ырықсыз.
4). Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмыту процесі — есте қалдыру процесіне қарама- қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру — адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсені барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бірқалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту процесіне әсер ететін фактордың ең көрнекілігі-уақыт. Ұмыту уақыт ағымымен жүретіні белгілі.Сондықтан ұмытуға қарсы құрал қайталау болып табылады. Келесі бір факторына қолда бар ақпараттық белсенділік деңгейі жатады, егер ақпарат қолданылмаса, онда ол ұмытылады. Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия. Кeшігіп еске түсіруді реминисценция құбылысы деп атайды. Ұмытудың себептері:
1). Жағымсыз индукцияның әсері.
2). Проактивтік тежелу.
3). Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
4). Шектен тыс тежелу.
Достарыңызбен бөлісу: |