Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Эмоционалдық процестердің жіктелуі, олардың іс-әрекетті реттеудегі рөлі



бет26/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
2.Эмоционалдық процестердің жіктелуі, олардың іс-әрекетті реттеудегі рөлі
Сезімнің түрлері адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, өмірге үйренуі, әдемі көріністерді тамашалау, табиғаттағы, көркемөнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу.
Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады.
Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Қарапайым эмоциялар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б.
Қуаныш үстінде адам өте жомарт болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып көзіне жас пайда болады.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет-әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып, қасы көтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне көшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп көтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы өзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.
Ашулану, мұндайда адам қысылады, көзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек көретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Күрделі эмоцияларға аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылса да бұлқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдайда өтеді, мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу.
Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:
1. Ағзаның мазасыздануы.
2. Ағзаның күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.
3. Адам сырттан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасауын тоқтату.
Фрустрация (лат. жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.
Құмарлық- бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлықтың жағымды және жағымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, өнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Егер, адам өзін-өзі билей алатын күш-қуат тауып, жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлап, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін.
Көңіл күй- кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не көңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Ерік жігері, күшті рухани өміріміздің мазмұны адамдар, тіпті ауыр жағдайда көнілді жүреді. Оптимстік жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет