Практикалық ойлау
|
Теориялық ойлау
|
- іс-әрекет барысында орындалады және практикалық міндеттерді шешуге бағытталады;
- шешімді талап ететін мәселелік жағдайдан басталады;
- нақтылы шындықты өзгертуге бағытталады.
|
-шындықтағы құбылыстарды тану мен түсінуге бағытталады;
-болжам, жаңа идея немесе бейнелер құруды болжайды және болжамның шындыққа жанасуын тексереді.
|
Интуитивтік ойлау
|
Логикалық ойлау.
|
- интуитивті ойлау кезінде жаңа білімге көшу инсайт арқылы болады;
- ойлау процесі санасыз және әрекетпен бірлесіп кетеді;
- интуитивті ойлау жаңа білім алу қызметін атқарады.
|
- ойлау саналы түрде жүзеге асады;
-логикалық ойлаудың нысаны белгілер жүйесі болады;
-логикалық ойлау басқаға трансляциялау қызметін атқарады.
|
Ойлаудың түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Білімді пайдалана білу және өзіңе де, басқаға да адамның бұл ережені қолданған, арнайы жасаған себептерін түсіндіру - ойлау процесінің өзін оның барлық буындарында реттеп, өтуінің бірізділігін де қадағалап отыруды қажет етеді. Ой процесі көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін де емес. Сондықтан ойлану туралы зерттеулер, олардың процесс күйінде емес, ойлану қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. Ойлаудың даму дәрежесі:
1.Бейнелі әрекетті ойлау-ойлаудың ең ерте, қарапайым түрі (ойыншықты сындыру арқылы оны тануға ұмтылыс).
2. Бейнелі образдың ойлау (шамамен 4-7 жаста пайда болады. Заттармен әрекеттің орнына бейнелермен әрекет, ойша операциялар жасайды).
3. Сөздік логикалық ойлау- тіл арқылы қызмет атқарады және жүйелеу, жалпылау түрінде байқалады.
Ойлау қызметі және оның персоногенездегі дамуы
Достарыңызбен бөлісу: |