Лекция конспектісі университеттің барлық білім беру бағдарламасы үшін



бет26/30
Дата20.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#108985
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы

Бақылау сұрақтары:
1. ХVIII ғасыр басындағы қазақ шаруашылығы
2. ХVIII ғасыр басындағы қазақ мәдениеті
3. ХVIII ғасырдағы қазақ хандығының саяси өмірі


Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 2002.
2. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 1979.
3. Тынышпаев М. История казахсого народа.-А.,1993,79-б.
4. Тынышбаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды).-А.,1992, 146-б.
5. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994, 67-б.
6. Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы- Отан тарихының жарқын белесі. //Егемен Қазақстан, 1999, 25 тамыз.
7. Қозыбаев М. Қазақтың данқын асырған. //Егемен Қазақстан, 2000, 1 ақпан.


ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Ресей құрамында. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. қазақ халқының азаттық көтерілістері
Лекция №13
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы
Жоспар:
1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастар
2. Отан соғысының басталуы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары
3. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс. Халық батырлары

ХVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейiнгi байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерiнiң жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлiнiп өмiр сүрдi. Қазiргi Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кiшi жүз, Орталық Қазақстанға жататын облыстарда мекендеген Орта жүз, елдiң оңтүстiк және оңтүстiк-шығысын қоныс еткен Ұлы жүздiң әрқайсысының өз хандары болды. Кiшi жүзде - Әбiлхайыр, Орта жүзде – Сәмеке /Шахмұхамбет/, Ұлы жүзде – Жолбарыс, Түркiстан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке едi. Үш жүздiң билеушiлерi әдетте бас қосып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжiлiс өткiзетiн. Ондай мәжiлiстер Сайрам маңындағы тауларда, Мәртөбе жотасында өтетiн. Оларда қыстау жағдайы, қауiп-қатерден сақтану мен қауiпсiздiк мәселесi талқыланатын.


Оңтүстiк-батыстан Едiл өзенiнiң бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кiшi жүздiң халқына тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жерiне солтүстiктен Сiбiр қазақтары килiктi. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерiнен дәмелi болды. Осылардың бәрiнен де асып түскен, қазақ халқына мәңгi жойылып, құрып кету қаупiн төндiрген жау - жоңғарлар едi.
Қазақ және ойрат әмiршiлерiнiң арасында жайылымдық жерлер үшiн iрi қақтығыстар ХV ғасырдың өзiнде басталған болатын. ХVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бiр бөлiгi сәтсiз шабуылдан кейiн қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер ХVI ғасырдың аяғында ХVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, ХVII ғасырдың екiншi ширегiнде күштердiң ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары әсiресе, Батур-қоңтайшы /1634-1654 ж.ж./ билiк құрған кезде ерекше шиеленiсе түстi. Одан кейiн болған жоңғар хандары /Сенге, Ғалдан/ Оңтүстiк Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетiн және сауда орталықтары болған қалаларды өздерiне қаратып алуға тырысты.
Жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жерiне басып кiрiп, қырғын соғыс жүргiздi. 1717 жылы жазда Аякөз өзенiнiң жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңдi. Келесi жылы жоңғарлардың әскерi тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерiнiң бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.
1723 жылы көктемiнде қазақ жерiн бет қаратпай басып алуға әбден бекiнген жоңғарлар шешушi жорыққа шықты. Қолбасшылыққа Шуна Дабо деген қалмақ баһадүрiн тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлерi стратегиялық екi бағытта қимыл жасауға тиiстi болды. Бiрiншi бағыт Қаратауды басып өтiп, Шу мен Талас өзендерiне шығу болса, екiншi бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы берiп, Шыршық өзенiнiң қойнауына жету едi. Бұл жоспарды iске асыру үшiн әскерлер жетi шоғырға бөлiнiп, оның бiрi Жетiсу Алатауының етегiндегi Балқаш көлiне құятын төрт өзеннiң бойына топтастырылды. Қалмақтың iрi қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екiншi бiр тобы Iле өзенiнiң бойына, Кеген өзенiнiң солтүстiк жағасына, Нарын өзенiнiң күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтiп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсiз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлерi қазақтардың қанын судай ағызды. Бұл кезеңдi қазақ "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны "Елiм-ай".
Жаппай босу, аштық, елдi, жердi сағыну қазақтардың қайрат-жiгерiн ұштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздiң басшылары, билерi жиын өткiзiп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбiлхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы Ырғыз уезiнiң оңтүстiк-шығыс бетiндегi Бұланты өзенiнiң жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгiрете соққы бердi. Жеңiске қол жеткен жер кейiн "Қалмақ қырылған" деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш көлiнiң маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бiр қатты қырғын соғыс жүрдi. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнiбек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлерiне екiншi рет күйрете соққы бердi. Бұл жер кейiн "Аңырақай" деп аталып кеттi.
Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен Орда иесi Болат хан қайтыс болып. Аға хандықтан бiрiншi үмiткер Болат ханның iнiсi, Орта жүздiң ханы Сәмеке /Шахмұхамбет/ болды. Ал, екiншi үмiткер – Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайыр. Үлкен Орда иелiгi оған да бұйырмады. Аға хан болып көпшiлiк билер қолдамаса да Болаттың үшiншi ұлы Әбiлмәмбет сайланды. Тарихшылардың долбарлауы бойынша мұндай таңдау жасалғанына наразы болған Әбiлхайыр майдан шегiнен әскерiн алып, елiне керi бұрылды. Хандықты өзiне тимегенiне риза болмаған Сәмеке де Әбiлхайырдан кейiн әскерiн алып, Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзедi. Жоңғарларға қарсы майдан әлсiреп, өз әскерi мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздiң ханы Жолбарыс қазақтың Ресеймен бiрiгуi iске асқанша қазақ елiнiң қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Осы бiр қиын-қыстау тұста әрбiр жүздiң iшiнде феодалдық бытыраңқылық күшейiп, ру басшылары мен сұлтандары хан билiгiне бағынбай, бөлiнуiн тоқтатпады. Кiшi жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбiлхайырдың баласы) өз алдына ел биледi, сол сияқты Орта жүзде Күшiк және Барақ сұлтандардың да өз иелiктерi болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да шиеленiскен күйiнде қала бердi. Едiл өзенiнiң бойында қалмақтар мен башқұрттар Кiшi жүздiң жерiне шабуыл жасап, үнемi қауiп туғызып отырды. Сондықтан Кiшi жүздiң батыс шекарасында тыныштық пен бейбiтшiлiк орнатуды Әбiлхайыр хан өзiнiң басты мiндетi деп санады. Сонымен бiрге қазақ қауымының ортақ жауы - жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртiбiнен түскен жоқ.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кiшi, Орта және Ұлы жүздiң өкiлдерi қатысқан келiссөз жүргiзiлдi. Онда Ресей өкiлi қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бiрақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады. 1711 жылы "қанiшер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның аты - Әбiлмансұр болатын. 1731 жылы Сабалақ ауыл адамдарымен бiрге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзiнiң асқан ерлiгi, батылдығымен көзге түседi.
Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" – деп ұрандап, жiгiттерге жiгер берiп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтiредi. Риза болған Әбiлмәмбет хан оған "Абылай" деп ат берiп, хандық тағын ұсынады. Жоңғар мемлекетiнiң ханы Қалдан Серен 1745 жылы өлiп, оның мирасқорларының арасында хан тағы үшiн талас, кескiлескен тартыс басталады Осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайланған Абылай қазақ жерiн жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатымен Телiкөлдiң маңына үш жүздiң әскери жасақтарын жиып, Түркiстан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады.
Бұл соғыс екi айға созылды. 1745 жылғы соғыс қазақ халқының жеңісімен бiттi.
Қазақ жерiн қалмақтардан бiржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерiнiң қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенiнде қазақтар жеңiске қол жеткiздi. Сөйтiп, қалмақтардың бiр ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.
1755 жылы жоңғарлар бiрнеше ұсақ иелiктерге бөлiнiп, көп кешiкпей Жоңғар мемлекетi 1758 жылы бiржолата құлады.
1758 жылы Цинь қытайлары Шығыс Түркiстандағы қазiргi Синь-Цзянь жерiн басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерiмен шектесiп жатты. Қытайлар көршi жатқан қазақ елдерiне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай ақсақалдардың алқа кеңесiн шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенiн айтып, Цинь әкiмдерiмен елшiлiк қатынас орнату мақсатында Пекинге адамдар жiберіп, Цинь империясымен сауда, экономикалық байланыс орнатудың амалын iстедi. Ол Ресеймен қарым-қатынасты да ұлғайтты. 1771 жылы Әбiлмәмбет хан өлгеннен кейiн, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киiзге орап, Орта жүздiң ханы етiп көтердi. Бiрақ Абылай өзiн қазақтардың үш жүзiнiң ханымын деп есептедi.
Бiр жылдан кейiн 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есiл өзенiне таяу жердегi Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1781 жылы мамыр айында Ташкентте 70 жасында қайтыс болды. Абылайдан кейiн Орта жүздiң ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздiң басын бiрiктiрiп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуды үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттiк қайраткер ретiнде тарихта өшпес iз қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет