Лекция мақсаты мен міндеті: Философияның қоғамдағы алатын рөлін түсіндіру



бет26/36
Дата14.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#115094
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Театр философиясы
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Театр философиясының негіздері жалпы түсініктерін қарастыру, пәннің зерттеу объектісін қарастырып шығу.
Лекция мазмұны:
1. Театр өмір бейнесі туралы түсінік
2. Грек және ортағасырдағы театр мәселелері
3. Жаңаша заман кезеңіндегі театрдың философиялық мәселелері
4. Қазақстанда театрдің дамуы және Абайдың театрдағы маңыздылығы
Лекцияның мәтіні:
Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. Театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын – актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады.
Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші; қара Театр декорация өнері), композитор (қара Театр музыкасы) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка, ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы оқиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.
Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т.б.) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік сипаты бар театр өнерін де атауға болады. Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келуімен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп, сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаїарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру әдеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну Т-дың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен-азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Ежелгі грек драматургтері Эсхил, Софокл мен Еврипид трагедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының тұлғасы жасалды, ал Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына ұшырады. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Рим театрында (драматургтер Плавт, Сенека, Теренций, т.б.) спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді; ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы – пантомима пайда болды.
Бірақ грек трагедиясы өзінің ең жоғарғы биігіне жеткенге шейін елдің әуелгі салтынан, әуелгі ұғымынан бөлініп-жырылып келген жат нәрсе сияқты болған жоқ.
Ақындар жазған трагедияның барлығы да ең алдымен құдайлар өмірінен, онан соң құдай мен адамның ортасындағы саты сияқты болған алыптар, асыл заттар өмірінен жазылатын, барлығы да елдің бәріне мәлім әңгімеден алынатын. Трагедиялар елдің баяғы дін мейрамдарына арналған күнінде ойналып, сонымен өнер түріне кірген. Ақын қиялымен жазылған трагедияның өзі де қалың елдің қара өзегін жарып шыққандай, ел топырағынан шыққан.

Жылдағы арнаулы күндерінде қалың ел дін мейрамын қызықтап тойлауға баяғысынша жиылып келіп, бұрынғы жалғыз теке жайындағы өлеңді естіп көрудің орнына үлкен қайғылы оқиға, терең сырлы хәлдерін көріп ұғынып қайтатын. Бұл жиынға келген елдер баяғыша мұсылманның айт күні мешітке жиылғанындай, дін парызын, салт-әдет парызын атқаруға келетін. Сонымен бірге үлгі, өсиет өнерден де жұғындар алатын.


Осы жағынан қарағанда грек театры, бір жағынан, кейінгі ұрпаққа өнер есігін ашып бергендей болса, екінші жағынан, ол заманның халқына діни қызметін де атқаратын болған. Сондықтан гректің атақты философы Аристотель өз заманының театрын сөз қылғанда: «Театр елдің ең терең, ең асыл сезіміне әсер етсін, театр тыңдаушы мен көрушінің денесін мұздатып, жүрегі еліккендей болсын. Көңілді ыстық сезім, ұлы толқын қалпына жеткізсін», — деген.
Адам баласына театр өнерінің алғашқы асыл қазынасын ашып берген — грек жұртының театры. Осындай жайдан туып-өскен бұл өнер елдің қолындағы тесік моншақ сияқты болымсыз кішкене ұрықтан басталып, заман өткен сайын бойы өсіп жетіле-жетіле келіп, қалың елден бір уақыт бөлініп кетпестен аясында қараңғы елдің өзін жетектеп отырып, ең биік өнердің қақпасына бір-ақ келіп кіргізіп жібергендей болған.
Кейінгі заман театрының барлығы да сол үлгіні осы грек театрынан алған Эсхил, Софоклдердің драмалары шыққан соң Дионистің тойы кез келген жерде жасалмай, арнаулы театрда көрсетілетін болған. Ол заман театры өте үлкен болатын. Бір қаланың бар халқы сыятындай орындары бар, төбесі ашық: ойын күндіз болатын. Ойын сондай үлкен үйдің ішінде болғандықтан, екінші, ойнайтын оқиғаларының барлығы құдайлар жайынан болғандықтан, артистер әншейін адам қалпында шықса, көзге қораш болады, дауыстары жөндеп естілмейді, бойлары көрінбеуге мүмкін. Сондықтан әрбір артист жоғарыда айтылған маскадан басқа ауыздарына дауыс зорайтатын мұржа сияқты құрал тығып, сонымен сөйлейтін. Бойларын зор қылып көрсету үшін, котурна дейтін айрықша биік етік киетін. Грек театрында бүгінгі театрдағы белгілердің барлығы да бар-ды. Ең әуелі қазір «театр» деген сөзден бастап, «хор», «оркестр», «сахна» дегендер — барлығы сол грек театрының қосқан аттары болатын. Кейінгінің барлығы алған үлгі — грек үлгісі.
Грек жұртынан соң тарихта үлкен орынға ие болған көрнекті ел — Рим халқы. Бірақ бұл елдің барлық жаратылыс қалпында, мінез салтында гректерге ұқсамайтын бір зор айырмасы бар еді. Ол айырмасы — қиял мен сезімге бай емес, салқын ақыл мен іске қолайлырақ болған. Қиялдан келетін пайдадан да қолына түсіп, көзіне көрінетін пайданы артығырақ көрген пысықтық, ширақтық жағы басымырақ болған ел. Сондықтан оларда театр өнері гректікіндей болып дәуірлеп, гүлденген жоқ. Гүлденбеген себебі — елдің қалпы мен салтында театрды туғызатын шарт болмағандықтан. Римде сезім-қиялды тәрбиелейтін трагедияның орнына, көңіл көтеріп күлдіруге жарайтын күлкі ойындар «комедиялар» көбірек орын алған. Бірақ сондай дінді жасаушылар ел көзінде темен саналатын болған.
Сондықтан Римде бері келген заманда театр әуелгі грек жұртында болған асыл қасиеттерінің барлығынан айрылып, көбінесе цирк түріне айналып кеткен. Римнің ақсүйектері, қара халқы — барлығы да циркте тұтқын құлдардың жекпе-жекке шығып бірін-бірі өлтіргенін, сүзеген бұқамен алысып қаза тапқанын, яки піл, жолбарыс сияқты жыртқыш хайуандармен алысып өлгендерін қызық көріп, соларды қарауды салт қылып кеткен. Әрине, жалпы театр өнеріне бұл сияқты салттан пәлен дерлік жақсы үлгі жамалған жоқ.
Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды.
Лондондағы такси көліктерінің не себепті төбесі қарапайым біз көріп жүрген машиналардың төбесінен əлдеқайда биік келетінін білесіз бе? Білмесеңіз, біз айтайық. Ағылшын халқы ерлерінің басым бөлігі театрға барған уақытта биік қалпақ (цилиндр) киіп барады. Олар таксиге отырғанда бас киімі төбеге тиіп қалмай, ыңғайлы отыруы керек. Сол үшін таксилердің төбесін биіктеткен. Міне, қызық. Былай қарасаң, машинаның төбесін аласартып, адамдарға бас киімін шеше салған немесе баскиімді қысқарта салған – қандай тұрғыда болмасын тиімді емес пе? Жоқ, бірақ ағылшындар олай жасамаған. Себебі, теаарға баратын өздерінің қалыптасқан мəдениеті бар. Сол үшін арнайы автомобильдер құрастырған. Яғни, театр өнері, театр мəдениеті бүкіл халықты, экономиканы, өндірісті, саясатты, дизайнды толықтай өзіне бағындырып отыр деген сөз емес пе бұл? Қазір биік қалпақты (цилиндр) күнделікті киіп жүретін дəуір емес. Бұл бас киім көбіне театрға барғанда ғана киіледі оларда. Осындай күшке ие болып отырған бұл театр деген қандай өнер? Қайдан шыққан? Ол адамға не береді? Осы шағын мақала барысында бұл тақырыпқа барынша кеңінен тоқталуға тырысып көреміз. Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі. Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы əрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, əртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мəніне оған сəйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар.
Театр өнерінің үшінші дәуірі орта ғасыр театры болады. Бұл театр христиан дінінің шіркеулерінен туған.
Ол заман — елдің діні өте күшті болған заман; ел тіршілігі, елдің әдет-салтын, мінез-ғұрпын түгелімен дін кісені мықтап тұсап алған заман; бүкіл дүниені, бір тарының қауызына сыйғызғандай, дін уысына түгел сыйғызып, ешбір сезікті шашау шығарып, шет жайылдырмайтын заман болған. Сондықтан бұл кездегі театр түгелімен діннен туып, дін жолында қызмет етсе, елге жат нәрсе болып саналмаған. Орта ғасырдағы шіркеу драмалары сол замандағы ірі мемлекеттердің барлығында да болған. Әсіресе, гүлденген жері — Испания, Франция, Италия. Бұл замандағы шіркеу драмаларының жалпы аты мистерия. Көрсетілетін әңгімелерін алмасақ, сыртқы үлгісінің барлығы да ескі театрынан алынған. Ойналатын оқиғалары гректікі сияқты ескі дін әңгімелері болып, дін мейрамдарында ойналады. Ойналатын жері бас кезінде ылғи шіркеуде болатын. Ойнаушылар, көбінесе дін адамдары болған. Сондағы мақсат дін нанымынша хақиқат деп саналатын уақиғаларды ел көзіне іс жүзінде көрсетіп, сонымен діндар жұрттың көңіліне дін уағызын, дін мақсұтын ұғындыру мақсатымен ойналатын. Мистериялардың ішінде көп ойналатын драмалар: Адам пайғамбардың, Ғайсаның, Ғайса шәкірттерінің, яки Мариямның өмірі, я болмаса солардың тіршілігіне қастық қылған, жаманшылық істеген бұзық адамдардың өмірінен алынған әңгімелер болатын.
Театр алғашқы кезде шіркеудің ішінде жасалатын болған. Сахнаның бір жағы ұжмақ, бір жағы дозақты көрсететін. Сауаптылар ұжмаққа жіберіліп, дозақы күнәкәрлер болса қолма-қол дозағына баратын. Шіркеу драмасын ойнайтын артистер алған міндетін дұрыс атқарып, репетицияға адал келіп тұруына — інжілді кеудесіне ұрып ант береді екен. (Тегі біздің артистердің салдыбалақтығы ол заманда да болса керек.)
Мистериялардың өз заманында бағасы халыққа өте зор болған, ел өте қадірлеп қатты қызықтаған. Бұл да өзінше заманының халық театры болған. Мистерия ойыны көпке тарап, қалың ел түгел қызықтайтын болған соң, берірек келген заманда шіркеуден шығып, сырт жерде ойналатын болды. Қалың елдің түгел қызықтағанының белгісі — үлкен қалалардан ойын болардың алдынан маңайдағы ауылдардың халқы бар жұмысын тоқтатып қалаға ағылатын болған. Қалада ойын болардан бірнеше күн бұрын салт атты жаршылар жүріп, көше-көшеде сыбызғы тартып, белгі беріп, өлеңмен сауын айтады. Ойын күні қала халқы түгелімен театрға жиналатындықтан, барлық үйлердің қақпалары жабылып, сауда-саттық, қызмет атаулы тоқтап, қаланың шеттерінде талан-тараж болмас үшін мықты күзет қойылады. Ойын мұнда да күндіз болады.
Сондықтан ойын күні жұрттың бәрі күн шықпастан театрға жиылып келіп, орын алысады. Бұл уақыттағы драмалар күніне сегіз сағаттан ойналып, кем болғанда үш күнге созылады. Кейбір драмалар он, жиырма бес, қырық күнге шейін созылатын да болған. Театрға жиналған халыққа дауыстама деп, айқайлап тұратын қарақшылар болады. Дауыстап, тәртіп бұзғандар болса, ұстап алып дозаққа жіберетін әдеті бар. Сондықтан кейбір көрушілер ықтиярсыз, ойда жоқтан артистің міндетін атқарып кететін де болған.
Ойын басталардың алдында бар халық артистермен қосылып намаз оқып алады. Онан соң ойынның уақытында Ғайса, Мариям сияқты құрметті жандар құдайға құлшылық қылып, сәжде қылған уақытта, театрда отырған халықтың барлығы да орындарына жалп-жалп жығылып қоса сәжде істейтін.
Орта ғасырдың шіркеу туғызған театрының жайы — осы. Бұл театрлар әрбір елдің ұлт театры болмаса да, жеке елдің әдет-салтынан тумаса да, жалпы христиан дінін тұтынған елдердің бәріне бірдей ортақ болған салт-санадан туғандығы анық.
Сондықтан көпшіліктің тіршілігімен, сезім-тілегімен нық байланысы барлығында дау жоқ.
Бірақ шіркеу драмасы өзінің, негізі мен қалпын мәңгілікке сақтап қала алған жоқ. Қауымның ақыл-сезімі өсіп, бой жете бастаған сайын театр әуелі шіркеудің іргесінен шығып алып, содан кейін біраз заманда дін таңбасынан да айығып, серги бастады. Ел әр-берден соң театрға үнемі дін мақсатымен қарамай, бір жағынан, өнер есебінде сүйетін болып, екінші жағынан, көңіл көтеретін сауық-қызық есебінде де қадірлейтін болды.
Сондықтан орта ғасырдың аяқ кезінде шіркеу драмасының негізгі пішіні әр елде әр түрлі болып бұзыла бастайды. Театрда дін әңгімесі ойналмай, әр елдің әдет-салтын көрсететін жеңіл күлкі, мысқыл-мазақ сияқты қызықты нәрселер ойнала бастады.
Қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру мәселесінің ел ішінде «Дала театры» деп атауға әбден лайық халық өнерінің сан қилы түрлері дамып, жетілген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше орны бар. Қазақтың кең даласының әр түкпірінде тұңғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургиялық шығармалардың тууы - осы халық шығармашылығының көркемдік құдіреті.
Сонымен бірге ұлттық сахна өнерінің тууына ықпал жасаған орыстың театр мәдениеті. Орыстың демократиялық идеясымен қаруланып, олардың озық әдебиетін өнеге тұтқан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы сияқты ұлтымыздың ұлылары өз халқының болашағын орыс халқымен мәдени байланыста деп түсінді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде, поэзиялық шығармаларында, әдеби-педагогикалық қызметтерінде орыс тілін үйренуге, орыс мәдениетін меңгеруге шақырады. Өз халқының ғасырлар бойындағы рухани құрсаудан шығудың жолын орыс мәдениетінен көрген Абай мен Ыбырай орыс классиктерінің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударғаны белгілі.
Бұл уақытта орыстың кәсіби театр өнері дамудың шырқау биігіне көтеріледі. Олардың шығармашылық табысы орталықтағы ірі қалалармен шектелмей, шет аймақтарға да кеңінен жайыла бастайды. Сол кездегі Қазақстанды басқару әкімшілік орталықтары болған Орынбор, Омбы, Ресеймен іргелес отырған Орал сияқты алаларда театрлар ашылып, кәсіби сахна өнері қазақ жеріне де жақындай түседі. Қазақ топырағының іргесіне орналасқан Омбыда 1765 жылы қалалық театрдың ашылуы үлкен маңызы бар мәдени оқиға.

XIX ғасырдың екінші жартысында бұл театрдың даңқы жайылып, оның сахнасына батыс және орыс классиктерінің шығармалары қойылады. Ал, Омбы болса өнер мен білімге ұмтылған қазақ жастарының төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды. Халқымыздың ұлы ғалымы, демократ-ағартушысы Шоқан Уәлихановтан бастап, онан кейінгі кезеңдерге дейін қазақ жастарының білім алып, мәдениетке араласуы осы қаламен тығыз байланысты. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, т.б. болды. Бұлармен бірге білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де осы қалада әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, өнер мен мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да осы Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардагер ұлдарының орыстың озық мәдениетінен үйреніп, театр өмірімен таныс болуы олардың келешектегі шығармашылық ізденістерінің сәтті басталып, тез жетіліп қалыптасуына себеп болғаны даусыз.


1916 жылғы қара жұмыс майданына Жұмат Шанинмен бірге барған Қалыбек Қуанышбаев төңкеріс қарсаңында Омбыға жұмыс іздеп келгенде өмірінде тұңғыш рет осындағы театрдың бір спектаклінің жарым-жартысын көріп таң қалғанын айтады. Төңкерістен бұрын оқу іздеп, білімге ұмтылған қазақ жастарының көбірек жиналған орталығының бірі - Орынбор. Мұнда кәсіби театр 1869 жылдың 14 қаңтарынан бастап жұмыс істеген.
Ал, Қазақстан топырағындағы тұңғыш орыс театры Орал қаласында 1860 жылы ұйымдастырылды. Бұл театрлардың қай-қайсысын болсын жергілікті әкімшілік орындары өз мүдделері үшін пайдаланбақ болды. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Крыжановский өзінің әкімшілік жүргізген кезінен (1863 ж.) бастап жергілікті халыққа әсер ететін құралдың бірі — театр деп ұғып, оның ашылуын тездетуді ұлықтан өтінген.
Қазақ драма театры дәстүрі кинематография мен кәсіби музыкалық білім секілді кеңес өкіметінің келуінен бастау алады. Ол кезде театрдың басты рөлі мәдени-саяси үгіт-насихат жүргізу болды.
Иә, кеңес өкіметі орнағанға дейін халқымыздың ауыз әдебиеті мұрасына бай ойын қойылымдардан құралған театр мәдениеті болды. Алайда кәсіби деңгейдегі тұрақты театр институты тек ХХ ғасырдың басында құрылды.
Осы тұста қазақ қана емес, қазақстандық театрға арқау болған драматургиялық дәстүрлерді еске алмасқа болмайды. Елде көптеген театр ғимаратына ұлы қазақ жазушылары мен ақындарының есімі берілген. Павлодардағы қазақ музыкалық-драма театры Жүсіпбек Аймауытовтың, Алматыдағы театр Мұхтар Әуезовтің, ал Шымкенттегі қазақ драма театры Жұмат Шаниннің атымен аталады.
ХХ ғасырда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш Бәйсейітова, Шара Жиенқұлова және Әмина Өмірзақова сынды көптеген танымал жұлдыз сахнада өнер көрсетті. Олар тек классикалық әдебиеттегі образдарды сомдап қоймай, халыққа жақын фольклоршылар баяндаған батыр, сұлу және айлакерлердің рөлін ойнады.
Уақыт өте келе театрдағы ұлттық кадрлар Ұлы Отан соғысы жылдары елге эвакуацияланған сахна шеберлерінен тәжірибе жинақтап, өнерін шыңдап отырды.
Ал кәсіби театр білімі Құрманғазы атындағы өнер институтынан бастау алады. Аталған оқу орнында театр факультеті ашылған болатын. Кейін Алматы қаласындағы Мельпомена қызметшілерінің ұстаханасы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы болып өзгертілді. Бүгінгі таңда оған Астана қаласындағы қазақ ұлттық өнер университеті қосылды. Асанәлі Әшімов, Рубен Андриасян, Есмұхан Обаев, Юрий Ханинга және т.б. көптеген қазақстандық мэтролардан тәлім алған түлектер елдің кино мен театр өнері саласында қызмет етіп жүр. Алайда қойылым бағдарламасын оқып отырып жас режиссер, драматург және сценограф мамандарды көзіңіз шала ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет