Лекция мақсаты мен міндеті: Философияның қоғамдағы алатын рөлін түсіндіру


Би философиясы: тарих және қазіргі заман



бет29/36
Дата14.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#115094
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
Лекция мақсаты мен міндеті Философияның қоғамдағы алатын рөлін -emirsaba.org

Би философиясы: тарих және қазіргі заман
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Кино философиясының негіздері жалпы түсініктерін қарастыру, пәннің зерттеу объектісін қарастырып шығу.
Лекция мазмұны:
1. Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты туралы жалпы түсінік
2. Би өнері - ішкі рухани әлемді ашуы туралы мәселесі
3. Қазақтың ұлттық биінің философиялық мәселелері
Лекцияның мәтіні:
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді. Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық – заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. Ежелгі би шығармашылығы туралы тарихи деректер там-тұм болғандықтан, тым тапшы әрі оның өзі де болжамды.
Хореография (грек.choreia – би, grapho – жазамын)
1) Шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу
2) Би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді.
Алғаш рет «Хореография» терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. Қазақстанда «Хореография» термині 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қолданыла бастады.
Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі.
Аристотель биді «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді» деген екен.
Би өнерінің мәні неде?
Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз.
Би қалай туады?
Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық, ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Оның биологиялық немесе табиғи бастаулары ежелгі би шығармашылығының дамуына жағдай жасады. Бидің негізі – адам бойындағы көркемдік талаптардың тууы секілді биге деген психологиялық қажеттілікті анықтайтын шығармашылықтың қоғамдық бастамасы.
Күнделікті өмір-тұрмыстағы шабандозбен ат пластикасының әсемдігін айшықтайтын би қимыл-қозғалыстары мыңдаған жылдар өтсе де, көп өзгерістерге ұшырамай, қазақтар арасында тұрақты дәстүрге айналып, күні бүгінгн дейін сақталып жетті.
Мифтік тұлпардың бидегі бейнесі «Тұлпарша» тұлпар самғауы, «Құс қанат» қанатты секірістер, «Қамдама» қанатты бұрылыс сияқты халықтың дәстүрлі қимыл-қозғалыстарында сақталған. Ал қазақтың «Желдірме» ат желісі, «Шабыс» аттың еркін шабысы, «Тепең жорға» жорға жүріс, «Тебінгі» тебінгі және тағы басқа көптеген дәстүрлі би қимылдары ежелгі әскери бидің салттық жұрнағының бейнелі түрдегі жалғасы.
«Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Осының қалыптасуы қоғамның әр алуан талаптарына, ең алдымен жастарды ұжымдық қарым-қатынастарды талап ететін аңшылық, соғыс кездерінде физикалық, рухани тұрғыда шымырлыққа тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты болды». Тұтас алып қарағанда би шығармашылығын, оның ішінде қазақ биінің қалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Сезім де өзін қоршаған өмірлік ортаның суреті, адамның ішкі жан дүниесі ретінде бейнелі түрде түсіндірілді. Бұл қоғамның даму сатыларының ерте кезеңіндегі би шығармашылығына қуатты эмоциялық серпін берді.
Би өнері дегеніміз — өнерлердің ішіндегі бар өнер түрлерін бойына топтастырған жас өнер. Бидің ішінде театр өнері, актерлік өнер, музыка өнері, сурет өнері, дизайнерлік өнер бар. Сондай-ақ бидің түрлері көп, олар: халық биі, классикалық-балет биі, қазіргі заман билері (модерн, хип-хоп, брейк-данс. т.б), спорттық-бал билері. Енді ерекшелігі өздерінің атаулары айтып тұр емес пе?! Әрине, ең кең тараған ол — халық биі. Халықтың, елдің ішкі жан-дүниесін, дәстүрін, мәдениетін, салт-санасын көрсететін би түрі; классикалық би халықтың даму-дәрежесін, әлем өнеріндегі деңгейін көрсетеді; қазіргі заман билері модерн еркін пластика арқылы ішкі дүниесін ашады. Хип-хоп, брейк-данс ішкі дүниенің іскерлігін, албырттылығын, жастардың жанданып, жанып тұрғандығын танытса, брейк-данс спорттық үлгіге жатады, бірақ бүгінде бұл би түрінен жас балалардың көбі әртүрлі жарақат алуда. Қауіпті би болған соң балаларды ойланып жіберу керек. Айта кеткен жөн, аталған соңғы билер уақытша билер деп саналады. Сонда да брейк 1987-88 жылдары шығып осы күнге дейін өз ықпалын сақтауда. Ал спорттық-бал биі жақында спорт түріне енді, бірақ 70%-ы биден тұрады. Бидің ең қымбат түрі деуге де болады (костюмдері, би семинарлары, әртүрлі жарыстарға өз қаражаттырымен барады), бірақ көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген би түрі.
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.
Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар.
Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататады. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын.
Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер.
Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады.
Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. Бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр. Сонда мыңдаған жылдық тарихы бар елде «би өнерi болмады» дегенге кiм сенедi. Әрине, кеңестiк дәуiрдiң кейбiр қоғамдық ағымының кесiрiнен қағажу көрiп, классикалық деңгейге көтерiле алмай қалды. Жаңа замандық әуеннiң көлеңкесiнде қалып қойды.Шара апамыз көздiң қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тiрнектеп жинаған iнжу-маржан дүниелерiн қайта жаңғыртып, тәуелсiз елдiң игiлiгiне айналдыру бүгiнгi бишiлерге парыз, әрi аманат.«Қазақ биiн классикалық деңгейге көтере алмадық» деп бiр кездерi өкiнгендерге ендi сол мақсатты жүзеге асырудың сәтi туды. Бiздi ендi ешкiм қолымыздан қақпайды. Әлемге қазақ биiн танытатын зор мүмкiндiктерге жол ашылды. Бұған дәлел АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Түркия елдерiнiң сахналарында өнер көрсетiп, ұлттық биiмiздiң айшықты өрнегiмен таңқалдырып жүрген таланттар. Шетелдiк көрермендер «мынау нағыз классикалық би ғой» деп тамсанғандарын бишiлерiмiз мақтаныш етiп айтып жүргендерiнiң талай рет куәсi болдық. Жателдiктердiң де көңiлiн аулап, сезiмiн баурап алған ең алдымен би өнерiмiздiң әрi мен нәрi, мағынасы мен мазмұны болса керек.
Қазақ билерi - көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс - тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдiң сән - салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы - мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Хореографиялық бiлiм алған кәсiпқой бишi де бидi қойған кәсiпқой балетмейстер де жаңа дүниенiң сапасына бiрдей жауапты. Бишi «бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек мән берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол бишiнiң биi көңiлден шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты өзiндiк ерекшелiгi, мiнез-құлқы бар екенiн бишi әсте естен шығармауы керек.
Бүгінгі Елбасы қолдаған Мәңгілік елдің қыранын самғату, болашаққа байыппен апаратын рухани жаңғырудың игі жолында еліміздің қызғалдақтай құлпырған, жазиралы далама теңер, нәзік те сұлу, мың бұралған қазақ қыздарының парасаттылығын, ибалылығын, мәдениеттілігін бір ғана кішкентай образдың астарымен сомдап, еліміздің ұлттық құндылығын насихаттауға, рухани адамгершілік тәрбиемізді дарытуға, әрине мен нәзік жүректі, қазақи тірбиемен сусындап өскен ибалы қыздарының бірі бола тұрып, өз туған жеріме, еліме би өнерін шарықтатпасам, несіне қазақ болып, кеудемді көкке көтермекпін. Міне, осындай арман – мақсатпен шыңдалған менің балалық қиялым, шынайы өміріме себепші болды. Әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі. Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет.
Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.
Бидің денсаулыққа пайдасы:
1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.
2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.
3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.
Сонымен, би тек қана сырт келбетті емес, соныменқатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет