Лекция мақсаты мен міндеттері


Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер



бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі191,5 Kb.
#68352
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
WTLXLJZAIHKD02012023135542

Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер.
Фазалық ауысудың екі түрі бар:бірінші текті фазалық ауысу(балқу, кристалдану) жылудың фазалық ауысуы деп аталатын белгілі бір мөлшердегі жылудың жұтылуымен немесе бөлінуімен жүреді. Бірінші текті фазалық ауысу температураның тұрақтылығымен және энтропия мен көлемнің өзгерістерімен сипатталады.Мысалы, тордың балқуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу мөлшерін беру керек. Бұл жылу мөлшері денені қыздыру үшін емес, атомаралық байланысты үзу үшін берілетіндіктен, балқу процесі тұрақты температурада өтеді. Заттың реттелген кристалдық күйден ретсіз сұйық күйіне ауысуы жүйе энтропиясының артуымен байланысты.
Екінші текті фазалық ауысу деп, жылудың жұтылуына немесе бөлінуіне және көлемнің өзгеруіне байланыссыз болатын фазалық ауысуды айтамыз. Осы фазалық ауысу көлем мен энтропияның тұрақтылығымен және жылу сыйымдылықтың секірмелі өзгерісімен сипатталады. Екінші текті фазалық ауысуды бірінші рет Л.Ландау айтқан болатын. Екінші текті фазалық ауысуға бьбелгілі бір қысым мен температурадағы ферромагнитті заттардың парамагнитті күйге көшуі, металдар мен кейбір қорытпалардың 0К-ге жақын температурада асқын өткізгіштік күйде болуы, электрлік кедергінің секірмелі азаюының сипаттамасы, сұйық гелийдің T=2,9К температурада өзінің басқа түріне өтуі, сөйтіп асқын аққыштық қасиетінің пайда болуы сияқты мысалдар жатады.
Үш фазалы жүйенің күй диаграммасы. Үштік нүкте.
Белгілі бір жағдайда зат бір мезгілде үш фазада (қатты, кристалл, сұйық және газ) болуы мүмкін. Бұл жағдай тек қатты және сұйық фазадағы денелердің бетіндегі қаныққан будың қысымы бірдей болғанда болады.

Қаныққан сұйық буының және қатты дененің қысымға тәуелділігін графикте көрсетуге болады. Бұл сызықтар (1-2) балқу температурасында қиылысады. Сызықтың әрқайсысы бір мезгілде екі фазаның тепе-теңдігіндегі қысыммен температураны береді. Қатты фазамен газдың тепе-теңдігі 1-ші қисық, оны сублимация қисығы деп атайды. Сұйық пен газдың тепе-теңдігін 2-ші қисық оны булану сызығы деп атайды. Егер бұл графикке қатты және сұйық фазаларының тепе-теңдігін қойсақ (3-сызық), онда А нүктесінде үш сызық қосылады. Бұл нүктені үштік нүкте деп атайды. Әрбір заттың өзінің үштік нүктесі болады, оған сәйкес Рүш, Еүш-гі болады.


Жалпы жағдайда сублимация сызығы (1) абсолют ноль температурадан басталып үштік нүктеде аяқталады, ал булану сызығы (2) үштік нүктеден басталып критикалық нүктеде аяқталады. Балқу сызығы (3) үштік нүктеде басталып аяқталу нүктесі болмайды. Сызықтың әрбір нүктесі заттың белгілі тепе-теңдік күйін анықтағандықтан бұл сызықтар заттың күй диагрммасын береді. Әрбір заттың күй диаграммасын көптеген эксперимент нәтижелері арқылы сызылады. Әрбір заттың белгілі бірнеше кристалдық модификациясы болады. Мысалы, Н2О- ның S-кристалдық модификациясы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет