Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары



бет21/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90
Лекция мазмұны:

КТС бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Респуликасы резидент-заңды тұлғалары төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы заңды тұлғалар-шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші- заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды. Негізгі шектерде бұл механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.

Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушілерінің табыстарының барлық түрлері қамтылады:



  • тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;

  • үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

  • міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;

  • күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;

  • мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

  • ҚР-ң заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;

  • борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;

  • кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар және басқа да табыстың түрлері.

Алынған жылдық жиынтық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл табысынан мыналар алынып тасталынуы тиіс:

1) ҚР-ғы төлем көзінен бұрын салық салынған, ҚР-ң резидент-заңды тұлғасынан алынған дивидендтер;

2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі,

3) қор биржасының ‘A’және ‘B’ ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табыс;

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек ретінде алынған және мақсатты түрде пайдаланған мүліктің түрі;

6) мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтардың құны;

7) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.

Бейрезиденттердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер б/ша салық салынуға тиіс:

1) дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлық ақылары- 10%;

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары б/ша төленетін сақтық сыйлық ақылары-5%;

4) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар-5%;

5) жоғарыда 1-4 тармақшаларда көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстары –20%;

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі мағлұмдама б/ша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет