Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



бет22/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Корпоративтік табыс салығына жалпы сипаттама

  2. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

  3. Табысқа салынатын салықтар Қазақстандағы заңды тұлғалардың табысына салық салудың даму жүйесі

  4. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны , функциялары және құрылу механизмі.

  5. Жылдық жиынтық табыстың құрылымы және құрамы.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. А.Д. Умбетәлиев, Ғ.Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық.---Алматы: Экономика, 2006-864бет.

2.Нұрұмов А.А. Салық және салық салу: Оқу құралы,-Астана. ҚазЭҚХСУ, БПО, 2009.-546

3.Салық кодексі , 2011 ж өзгерістер мен өзгертулер енгізілуімен


11 Тақырып. Жеке табыс салығы
Лекция мақсаты: Жеке табыс салығының экономикалық мәнін және салық жүйесіндегі ролін түсіндіру.

Лекция сұрақтары:

1.Азаматтардың табысына салық салу жүйесінің эволюциясы және экономикалық мазмұны.

2. Қазақстандағы жеке табыс салығы және оның дамуы.

3. Төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың салықты төлеу тәртібі және есептеу ерекшеліктері



Лекция мазмұны:

Бұл салық бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9% алады. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі.Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып саналады.

Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген.

Дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15% мөлшерлеме,адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналар жатады:


  • қызметкердің табысы;

  • біржолғы төлемдерден алынған табыст;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;

  • девиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

  • стипендиялар;

  • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін куннен кешіктірмей жургізеді.Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күннінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.Салық кодексінде көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген. ҚР-ң шегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығынның сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда салық төлеу есепке жатқызылады. Шетелдік резидент-жеке тұлғалар табыстарына олардың ҚР-ғы көздерінен де, сонымен бірге одан тыс жерлерден де алған табыс кіреді.Салық салынатын табысты анықтау,резиденттен алынатын жеке табыс салығын есептеудің,ұстаудың және төлеудің тәртібі қызметтің сипатына қарай жүргізіледі. Тұрақты мекемемен байланысы жоқ бейрезиденттер салықты төлем көзінен шегерімсіз 5 пайыздан 30 пайызға дейінгі мөлшерлемелер бойынша төлейді;қызметі тұрақты мекеме құруға соұтыратын бейрезиденттер салықты төлем көзінен салық салынбайтын, шегерімдер сомасына азайтылған табыстардан резиденттерге арналған мөлшерлемелер бойынша төлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет