Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары


Тақырып. Ойын бизнес салығы және тіркелген салық



бет18/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
лекции салык

9 Тақырып. Ойын бизнес салығы және тіркелген салық

Лекция мақсаты - Ойын бизнесіне салықты бекітудің экономикалық мазмұнын және тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктерін және әрекет ету салаларын оқып түсіну.

Лекция сұрақтары:

1. Ойын бизнесіне салықты бекітудің экономикалық мазмұны.

2.Ойын бизнесі салығын төлеушілер мен обьектісі.. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі.

3. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары оны төлеушілер. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі.



Лекция мазмұны:
Ойын бизнесі саласындағы қызметке салық салу. Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар:

1) ойын столы;

2) ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) букмекер кеңселерінің кассасы салық салу объектісі болып табылады.

Лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге салық салу.

Лотерея ұйымдастырушысының лотерея билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектісі болып табылады. Лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс. Лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Акцизделетін тауарлар экспортын растау. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күнінің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды тапсыру керек:

1) экспортталатын акцизделетін тауарларды берушіге шартты (келісім шартты);

2)акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді;

Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда, кеден рәсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады.

3) ҚР кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін табыс етеді;

Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен әкеткен жағдайда, тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі.

4) салық төлеушінің ҚР заңдарына сәйкес ҚР ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңінде салық салынатын объектілердің саны өзгерсе, енгізілген объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.

Акциз салығы бойынша шегерімдер. Акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны ҚР кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, ҚР аумағына төленген акциз шегерілуге тиіс.Осыған сәйкес салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет