Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары



бет3/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама беру

Лекция сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

  2. Қалыптасу кезеңдері

  3. Бүгінгі жағдайына сипаттама

  4. Міндетті төлемдерді бюджетке төлеу эволюциясы.

  5. Салықтардың түрлері және бюджетке төленетін басқадай төлемдер.

Лекция мазмұны:

Салық жүйесі – бұл мемлекет бекіткен және орталықтандырылған, жалпымемлекеттік қаржы ресурстар қорын құру мақсатымен алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жиынтығы. Сонымен қатар олардың алу тәсілдерінің, әдістерінің, принциптерінің және салық органдарының қызметтерінің жиынтығы болып табылады.

ҚР-ның салық жүйесі салық кодексіне сәйкес салық қатынастарын және салық органдарының қызметін реттейтін салық түрлерінен, баждардан, жиындардан және де құқықтық нормалардан тұрады.

Салықтарды пайдалану экономикалық басқарудың және кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің коммерциялық жалпы қоғамдық мүддесін біріктіруді қамтамасыз етудің белгілі бір әдісі болып табылады.

Салықтардың көмегімен мемлекет қоғамдық функцияларын орындауға керекті ресурстарды өз иелігіне алады. Салықтардың көмегімен кірістердің бөлінуін өзгеріске түсіретін әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары қаржыландырылады.

Жалпы, салық жүйесі дегеніміз мемлекетпен белгіленген және қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қоғамдық қорлар салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды алудың әдәстері мен тәсілдерінің , нысандары мен қағидаларының және салық қызметі органдарынын тұрады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесінде салық кодексіне сәйкес, төмендегідей салық түрлері:


  1. Корпорациялық табыс салығы;

  2. Жеке табыс салығы;

  3. Қосылған құнға салынатын салық;

  4. Акциздер;

  5. Экспортқа рента салығы;

  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

  7. Әлеуметтік салық;

  8. Жер салығы;

  9. Көлік құралдарына салынатын салық;

  10. Мүлік салығы;

  11. Ойын бизнесіне салынатын салық;

  12. Тіркелген салық;

  13. Бірыңғай жер салығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет