3 .БӨЛІМ. ТҰТЫНУҒА АРНАЛҒАН САЛЫҚТАР
7. Тақырып. Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚСС)
Лекция мақсаты - Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚСС)-тың экономикалық мазмұнын, қажеттілігін терең оқып түсіну.
Лекция сұрақтары:
1.Тұтынғанға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен табиғаты.
2. Қосылған құн салығының экономикалық мәні, жіктелуіне сипаттама.
3.Салық салынатын импорт. ҚҚС босатылған импорттық айналымдар.
3.1 Есепке жатқызылатын барабарлық (пропорциональный) және бөлек есептеу әдісі бойынша ҚҚС айқындау.
Лекция мазмұны:
Тұтынуға салынатын салықтар –жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрлымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ.Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтылығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с. Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатынын есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушылықта-өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторыларындағы тоқырауда –салық салуды тұтынысқа обьективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмысын қамтылуының төмендеуінің нәтжесінде оны әлеуметтік қолдауды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды арттыру қажеттігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлу процессіндегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірбие мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық -. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығыстың орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған құн болып өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР-ң кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған,оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ң аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар ушін төленуге тиісті ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-тың салық салу обьектілері болып есептелінеді. ҚҚС-ты төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады, оған салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны ҚР-сы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілген тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. ҚР-ң кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін және әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құға салынатын салықты қоспағанда, ҚР-на тауарлар импортты кезендегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.
Тауарларға қатысты өткізу бойынша айналым: тауарға меншік құқығын беруді; тауарларды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді, мүлікті қаржы лизингіне беруді; комиссия шарттары бойынша тауарларды тиеп жөнелтуді;қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мулкін беруін;кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды басқа мақсатқа пайдалануын;қосылған құнға салынатын салықты дербес төлеуші болып табылатын бір құрлымдық бөлімшенің екінші құрлымдық бөлімшеге тауар жөнелтуін білдіреді.
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетуді. Соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауардың өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметі білдіреді.
Қосылған құнға салынатын салық мөлшерлемесі 15 пайызға тең және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады. Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға, халықаралық тасылымдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады. Кеден заңнамасына сәйкес ҚР-ң кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері- әкелім, әкетілім, сондай-ақ тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады. Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдернде олар шамамен 2.5% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |