"Экология" деген ұғым гректің "оһоя - үй, мекен" және Logos-деген сөздерінен қүралған. Басқаша айтқанда, әкология - табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым. Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды" талап ететін ғаламдық мәселеге айналды. Сондықтан елімізде табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды.
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялды, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауылшаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгал-дандыру, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. Ауаның, судың, жердік ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Бұрынғы КСРО-ның 100-де астам қалалары экологиялық жағынан қауіпті деп жарияланған. Көптеген индустриялды аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына күрделі талап қойып отыр.
Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне (оның ішіндек адам үшін де) тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л. Леонов: “Адам баласына алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілік және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты” деген. Ал Ш. Айтматов: “Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді”, - деп жазды.
Біздің республикамыздың табиғи қоры мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Өсімдік және дануарлар әлемі бай. Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық өсімдіктің түрлері, сүтқоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы байлықты тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек.
Су қорларын, қоймаларды сақтау – экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып отыр. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айрылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тоннан топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.
Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болды.
1960 жылға дейін Арал қандай болды? Ол КСРО-ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені - Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатр терісі алынады. Балықшылар қайығы мен жол қатынасы кемелері - теңіздің көркі еді. Арал теңіз сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.
Алпысыншы жылдардан бастап екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды.
Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтар жолғала бастады.
Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13- ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.
Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапонияда 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедеке айналдырды. Балалар ауру болып тууда.
Чернобыль апаты 8 милиардтан астам шығынға түсті, ал Арал – “үгсіз Чернобыль” зардабының шығынын одан әлдеқайда асып түседі.
Семей аймағындағы ядролық сынақ халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірініш рет 1949 жылы тамыз айында 16 мың км2 кеңістікті қамтыған жарылыс басталды. Ашық ауадағы ядролық сынақ 14 жылға жалғасты. Осы кезеңде 500 ядролық жарылыс өткізілді. Ядролық техниканы сынаудыің салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв жүйке, психикалық аурулар,екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келуі. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.
Тек 1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жариялаған соң, ядролық сынақ тоқтатылды.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенін Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. балық аулау көлемі қысқарды.
Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш-Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.
Қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиеленісе түсті. Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндірді. Табиғатпен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, кінә адамдардың іс- әрекетін дұрыс басқармаудан, қабілтесіздіктен, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан болып отыр. Табиғатпен тиімді қатынасты қалыптастыруда адам шешуші факктор. Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт – мүмкін-дігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.
Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.
Табиғат қорықтары, парктер өсімдік және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы үлкен. Ол үшін көгалдандыру, бау-бақша өміру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі – оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі – экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика бойынша облыс, аулан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.
Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі – адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.
Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғым-дарының бірі - прогресс ұғымы (латын тілінен – ілгері қозғалу, табыс деген сөзден алынған).
Прогресс – қоғамның материалдық күш-қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты.
Қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе – адамзаттың қоғамдық ойының
ежелгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның ақыл-ойының, парасатының кемелденуімен байланыстырады. Адам параса-тының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін қамтамасыз ету ізглік-тің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі. Парасат пен ғылым жетістіктерін көпшілік арасына кең тарату арқылы қоғамды адам табиға-тына лайықсыз жағдайлардан арылтып, шексіз пргреске жол ашу мүмкін болып көрінеді.
Қоғамдық прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа сала-ларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп отыратынын да көрсетеді.
Қоғам туралы диалектикалық-материалистік ілім тұрғысынан алғанда, прогресс идеясын ғылыми жолмен негіздеу үшін: 1) қоғамдық прогрестің тарихи қажеттілігін дәлелдеу, яғни қоғам дамуы нысаналылығының себебін табу керек; 2) прогрестің объективті өлшемін анықтау қажет; 3) нақтылы тарихи кезеңге сәйкес прогрестің сипаттамасын беру, яғни прогрестің тарихи үлгілерін ажырата білу керек.
Қоғамды зерттеу принциптерінің ең негізгі – қоғамдық болмыстың алғашқы, қоғамдық сананың кейінгі болуы, яғни қоғам өмірінің негізгі материалдық өндіріс екендігі. Сондықтан қоғамдық прогресс туралы ілім нақтылы бір тарихи кезеңдегі материалдық өндіріске талдау жасаудан басталады.
Қоғамның дамуы қоғамдық-экономикалық формациялардың бір-біріне ауысуы түрінде жүзеге асатын процесс болғандықтан, қоғамдық про-грестің өлшемі бір қоғамдық- экономикалық формацияны екіншісімен тұтастай салыстыруға мүмкіндік береді. Ал екінші жағынан, әрбір қоғамдық-экономикалық формация алуан түрлі қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесі болып табылады, прогресс бұлардың бәрінде бір мезгілде, бірдей дәрежеде жасалып отырмайды, біреуіндегі прогресс екіншісіндегі регреспен ұштасуы мүмкін. Сондықтан, қоғамдық прогрестің өлшемі қайшылықтар түрінде жүзеге асатын қоғам дамуының негізгі желісін табуға мүмкіндік беруі керек.
Осыған байланысты қоғамдық прогресс өлшеміне қойылатын бірінші талап – оның объективтілігі, яғни прогресті анықтау, оған баға берудің өлшемі белгілі бір идеядан, ұғымнан алынбай, қоғамдағы нақты процестерден табылуға тиіс, Екінші талап – прогресті жан-жақты, толық бейнелеу. Прогресс ұғымы қоғам өмірінің жекелеген салаларының дамуын ғана бейнелеу емес, қоғамның тұтас дамуын бағалау болғандықтан, прогрестің өлшемі қоғам дамуының түбірілі нәтижелерін бойына жинақтаған құбылыстарды талдауға негізделуі керек.
Ғылыми әдіс қоғамның өндірігіш күштерінің дамуын осындай талаптарға сай келетін өлшем ретінде қарастырады. Қоғамның өндірігіш күштерінің дамуы өндіріс құрал жабдықтарының жетілуі – адамның еңбек ету қабілетінің, білім дәрежесінің артуы, ослардың арқасында еңбек өнімділігінің артуы түрінде көрінеді. Бұлардың бәрі нақтылы зерттеу мен өлшеуге келетін құбылыстар. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын қоғам дамуының объективті өлшемі деп есептеуге болады.
Қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы жалпы адамзат тарихының арқауы болып табылады, өйткені, тарихи дамудың қай сатысында тұрса да, қоғамның негізі міндеті - өз өмірінің материалдық жағдайларын қамтамасыз ету, ал оның алғашарты - өндіргіш күштер болып, олардың жетілдіріп отыруы. Соның арқасында, бір жағынан, қоғамның тарихи даму сатыларының арасындағы қажетті байланыс жүзеге асады, дамудың үздіксіз желісі пайда болады, ал екінші жағынан, даму сатыларын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік туады. Сондықтан да қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын адамның табиғат күштеріне де, қоғамдық күштерге де қатысты дамуынынң себебі әрі көрсеткіші деп бағалауға болады.
Қоғам дамуы – адам әрекетінің жемісі, бірақ қоғамдық өмірді, оның жеке-жеке салаларын өзгерте отырып, адамның өзі де өзгереді, өндіріс дамуы адам қажеттерін қанағаттандырып қана қоймайды, жаңа қажеттер де туғызады, ал мұның өзі еңбек
құралдарын үнемі жетілдіріп отыруға түрткі болады. Кемелденген, күрделі еңбек құралдарын неғұрлым меңгерген сайын, адам қабілеттері де соғұрлым жетіле түседі, адам әрекеті белсенді жасампаздық сипатқа ие болады. Өндірістің, өндіргіш күштердің дамуы арқасында адамдарда қалыптасқан еңбекке қабілеттілік, білім, рухани мәдениет сияқты қасиеттер, яғни материалдық игіліктерге қарағанда әлдеқайда тұрақты, тиянақты болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |