- антикодон өз орнында емес, басқа жерде орналасқан.
Пре – РНҚ- лардың пісіп жетілуі – процессинг
пре- РНҚ молекуласының пісіп жетілуі (процессинг) 3 кезеңге бөлінеді:
-
кейбір нуклеотидтердің алынып тасталуы;
-
кейбір нуклеотидтердің жалғануы;
-
олардың модификациялануы;
Артық нуклеотидтердің алынып тасталуы ерекше нуклеазалар арқылы жүзеге асады. Экзонуклеазалар
тізбегінің бір ұшынан (3
1
не 5
1
) бір – бірлеп
нуклеотидтеді алып тастайды, ал эндонуклеоазалар тізбекті
бөлшектеп оны жеке – жеке фрагменттерге бөледі.
а) Нуклеазалар тізбек ұштарынан «артық» нуклеотидтерді үзіп отырады. Мысалы, пре – РНҚ- ның 5
1
ұшында үнемі АТФ не ГТФ, ал 3
1
ұшында ГЦ-бай учаскелері болады. Олар трнаскрипция үрдісінде
маңызды
роль атқарады, ал күйінде олардың қажеті жоқ, тіпті олар өздерінің қызметін атқаруға кедергі
келтірген болар еді, сондықтан да олар алынып тасталады.
б) 45 S-пре-р РНҚ және гистондық пре-а РНҚ-лар эндонуклеоазалар арқылы жеке РНҚ тізбегіне кесіледі.
г) пре-т РНҚ және барлық пре-а РНҚ-лардың интрондық бірізділіктері келісіп алынып тасталады. Сол
сияқты, экзондық бірізділіктер
тұтас тізбекке жалғанады, оны сплайсинг деп аталады. Мұның іске
асырылуы үшін тек қана эндонуклеоазалар емес, лигазалар да қажет.
Сонымен, пре-РНҚ молекуласының пісіп жетілуі (процессинг) барысында оларға көптеген нуклеотидтер
транискрипциясыз байланысады (жалғанады).
пер- а РНҚ-ның 5
1
ұшына «қалпақшаның» (КЭП) 7-метилгуанин және басқа да 3-4 нуклеотидтері қосылып
жалғанады, ал 3
1
ұшына 200- дей нуклеотидтерден тұратын поли (А)- фрагмент қосылады. Бұл үрдісті
полиаденилатполимераза ферменті катализдейді.
пер- т РНҚ- да модификациялану көптүрлі
болып келеді, мысалы: уридин қалдығы – изомерленеді
(псевдоуридин), үшінші біреулері – метилденеді. Аденозиннің кейбір қалдықтары дезаминденіп инозинге
айналады, соңғыларының (инозин) кейбіреулері тағы да метилденеді.
Жоғарыда сипатталған құбылыстар ядрода бірнеше пісіп жетілген РНҚ
молекуласының пайда болуына
алып келеді, мысалы:
а) 4 түрлі р РНҚ-ның 28 S р РНҚ; 18 S Ррнқ; 5,8 S р РНҚ; 5 S р РНҚ;
б) бірнеше ондаған т-РНҚ – ның (әрбір 20 аминқышқылына 1-4ке дейін);
в) мыңдаған а РНҚ молекулаларының түзілуіне;
Достарыңызбен бөлісу: