1- лекция
1. Молекулалық биология пәні
2. Молекулалық биологияның даму тарихы
3. Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы.
4. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы
КІРІСПЕ
МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ
Молекулалық биология – тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының
маңызды саласының бірі.
Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объектілері –
жасушаның ақпараттық
макромолеклалары – ақуыз және нуклейн қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық молекулалардың
құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді.
Қазіргі таңда Молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және
қолданбалы
биология, генетика, медецина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың
дамуында маңызды рөл
атқарады. ХХІ ғасырды молекулалық биология ғасыры деп атайды.
Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді;
геномика – тұқым қуалаушылықтың
материалдық негіздері – ДН, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметтерін зерттейді
протеомика –
жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.
Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты – адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының
құрылысын,
қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің
сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады.
Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953
жылдан кейін басталады,
себебі осы жылы Ф.Крик және ДЖ.Уотсон дезоксирибонуклеотид қышқылдарының (ДНҚ) қос ширатпалы
құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.
Соңғы 50-55 жыл ішінде Молекулалық биология ғылымы тршіліктің сырларын зерттеуде көптеген
маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдардағы ғылымдарының зерттеулері нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың
материалдық негізі нуклейн қышқылдары екендігі белгілі болды (О.Эйвери, К.Мак Леод, М.Мак Карти;
Н.Циндер, Д.Ледерберг; Х.Френкель – Конрат т.б.)
1954 жылы американ ғалымы Г.Гамов тұқым қуалаушылық ақпарат ДНҚ молекуласында генетикалық код
күйінде
жазылған, генетикалық код 3 нуклеотидтен тұруы мүмкін деген болжам жасады. Ал, 1961-1964
жылдары Ф.Крик, Х.Корана, М.Ниренберг, С.Очао т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде генетикалық
кодтың толық сөздігі анықталды.
1961 жылы француз ғалымы Ф.Жакоб және Ж.Моно прокариоттар гендерінің эксперссиялануының
оперондық гипотезасын ұсынды. Кейінірек гендердің эксперссиялану тетіктері (механизмі) прокариоттарда
да, эукариоттарда да бірдей жоба күйінде болатындығы белгілі болады (Г.П.Георгиев)
ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары кері транскриптаза (ревертаза) ферменті ашылып тұқым қуалаушылық
ақпаратының РНҚ-дан (ретровирустардан) ДНҚ-ға
берілу жолы белгілі болды, осылайша жасушада
ақпараттың берілуінің негізгі бағыттары анықталды.
-