Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
1-лекция

ақпараттың берілуінің жалпы жолы – ДНҚ-ДНҚ-РНҚ- ақуыз, яғни биологияның (Криктің) 
негізгі постулаты;

ақпараттың ерекше берілу жолы – РНҚ-ДНҚ-ДНҚ-РНҚ-ақуыз, яғни ақпараттың берілуінің ерекше 
жолы.  
1970-1980 жылдары белгілі бір нуклеотидтер (сайттар) арасын үзіп, ДНҚ молекуласын бөлек – бөлек 
үзінділерге қиятын «қайшылар»-рестриктаза ферменттері және ДНҚ үзінділерін бір – біріне жалғап тігетін 
«инелер» - лигаза ферменттері ашылып, генетикалық инженерияның дамуына жол ашты. Генетикалық 
инженерия жетістіктері негізінде көптеген трансгендік ағзаларды (өсімдікткер, жанурлар, микроағзалар) 
дүниеге келтіріп, адамға қажетті кейбір биологиялық белсенді заттарды (соматотропин, инсулин, 
интерферон т.б.) зертханалық жағдайларда биотехнологиялық жолмен өндіруге мүмкіндік туды.
ХХ ғасырдың 90 жылдары жоғарғы сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірбиелері сәтті аяқталып, 
1997 ж. Ұлыбританияда «Долли» атты қозы, 1998ж. торай, ал 1999 ж. маймыл баласы дүниеге келді.
2001-2003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық аяқталып, 2001 жылдан 
кейін адамзат постгеномдық дәуірге аяқ басты.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан 
А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, Т.Дарханбаев, М.А.Айтхожин, 
Х.Жуматов т.б. есімдерді атауға болады.
НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


 
 Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі болып саналады. Нкулеин 
қышқылдарының (ДНҚ) молекуласын ХІХ ғасырдың аяғында – 1868 жылы Швейцария ғалымы Ф.Мишер 
ашқан. Ал, олардың қызметтері, молекуласының құрылысы, кейінірек белгілі болды (ХХ-ғ 50 жылдары).
Қазіргі кездері нуклеин қышқылдарының тұқым қуалаушылықтың материалдық негізгі екендігіне ешкім 
шүбә келтірмейді, бірақ бұл тек 1950 жылы Х.Френкель – Конрат тәжірбиелері нәтижсінде ғана үзілді – 
кесілді дәлелденген. Ал, ХХ ғасырдың (1928ж). тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі ретінде ақуыз 
молекуласы саналып келген (Н.Кольцов).
ХХ ғасырдың 20 жылдары Т.Морган т.б. ғалымдардың еңбектері арқасында тұқым қуалаушылықтың 
материалдық негізі хромосомалар екені белгілі болды (тұқым қуалаушылықтың хромасомалық теориясы). 
Сонымен бірге хромасомалар ақуыз және нуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұратындығы анықталды. Ал, осы 
екі макромолекулалардың – ақуз және нуклеин қышқылдарының (ДНҚ) қайсысы тұқым қуалаушылыққа 
жауапты деген мәселе ғалымдар арасында біршама пікірталас туғызды. 1928ж. Н.К.Кольцов ген қызметін 
ақуыз молекласы атқаруы мүмкін деген болжам жасады және 1940 жылға дейін ғалымдардың көпшілігі осы 
пікірді қуаттап келген.
1928 ж. Ф.Гриффтис бактериалардың трансформациалану қаблетіне тәжірбие жасап, тұқым 
қуалаушылыққа ақуыз емес ДНҚ молекуласы жауапты болуы мүмкін деген болжам жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет