Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы



бет7/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Иә, туыс, бірақ генетикалық емес.
Олар қазіргі өзбек, дүнген, малай, черкес, урду, иран, осетин және араб тілдері сияқты туыс. Мұндай туыстықты мәдени туыстық деп атауға болады.
Бұл тілдер бір дінде болу себепті бір мәдени федерацияда.
Бірақ тілдердің көнедегі мәдени туыстығы мен кейінгі туыстығын ажырата білу керек. Екінші жағдайда тілдер байланысқа барлық деңгейде толысқан, байыған күйде енеді, сондықтан бір-бірінен діни лексика және мәдениетке қатысты жекелеген терминдер ауысады. Мәдени туыстықтың көне сатысында , әсер етуші тілдер әлі қалыптасып үлгермеген жағдайда, тілдердің араласуын әлдеқайда кеңірек түрде күтуге болады. Тілдер Адам, Табиғат, Мәдениет (сандар т.б.)сияқты топтар бойынша ауысады.
Менің пайымдауым бойынша, түркі тілдері шумер, моңғол, кейін араб тілдерімен көне мәдени туыстық жағдайда болған. Және де кейінгі мәдени әсер бұрынғы нәтижелерді түпкілікті ығыстырмады.

Жіктеу есімдіктерінің көпше түрі шумер тілінде кездеспейді. С.Е.Малов Күлтегінге қатысты орхон мәтінінің аудармасына байланысты түсініктеме берді: «БИЗ» біз, «СИЗ» сіз


БИ +СИ =БИЗ (мен + сен =біз)
СИ +СИ = СИЗ (сен + сен =сіз)
Егер шын мәнінде осылай десек, көпше түрі жекеше түрдегі есімдіктерге мұрын жолды «н» жалғауы жалғанбаған дәуірге сәйкес келеді. Яғни түркілік бірінші және екінші жақтағы жіктеу есімдіктерінің бастапқы формасы шумерлік нұсқасына жақындайды
Шумер сөзі көне шумерлік ТУП тұлғасынан басталады. Бұл кезеңде ол аккадтықтарға да ауысады: ТУПП – қыш кесте, жазу материалы. Ежелгі Алдыңғы Азияның елдеріне де кіреді: ТУППИ (элам), ТУППИ (хуррит), т.б.
Бұл сөз европалық көне тілдерде де мына түрде көрінеді: ТИПУС –мөр таңба, түскен белгі, дақ (латын), ТИПОС – таңба, мөр (грек).
Бұл сөзден мынандай жаңа сөздер туындаған: типография, телетайп т.б. Түркі тілдерінде: ТУМАР- 1) қағаз (пергамент), том, кітап; 2) жазулы амулет, бойтұмар, жазулы медальон (қазақ және т.б.).
Бұлардан басқа да: ТАПУ құжат (түрік), ТАП мөр (шағатай), ТАПЛЫ, ТАБЛЫ мөр, белгі, таңба түскен зат, із, табы түскен зат, ойын сүйегі (түрік), ТАБЛА поднос, жайпақ нәрсе (түрік), ДАБЛА поднос (қырым татарлары), ТАБА таба, қыш жайпақ табақ (қазақ), ТАБАҚ табақ, поднос, жұқа жайылған қамыр, бір парақ қағаз, жалпақ жапырақты өсімдік т.б.(жалпытүрік), ТАБАН (жалпытүрік), ТОБАН,ТУБАН, ТАБАА (ТАМБА, ТАББА) жазба таңба, бір нәрсенің бетіндегі жазу, белгі, дақ, із, әріп ,т.б.
Мыңдаған жылдар өтсе де, жазу жүйелері ауысып жатса да, алғашқы жазу атауы сақталып қалды. Оның о бастағы шумер заманына дейінгі ТУП түп, негіз, жайпақтық мағыналары(жалпытүркілік) жоғалмай қолданыста қалды. Шумерлердің арқасында сөз жаңа мағыналарға ие болды, оларды түркілер иемденген.
Адамзат Шумерлердің тағлымын ұмытпады.Тіпті қыш кестелердің (жалпақ кірпіштер) формасы да, тіпті материалы да (күйдірілген саз балшық), тіпті олардың бетіндегі бейнелер де ( тік сызықтармен бөлінген кестелер)- барлығы сөзде қалған.Қазіргі замандағы европалықтар және түркі халықтарының арғы бабалары шумердің күйдірген қыш кітаптарын көріп, шумердің бір кездегі өнер жетістіктерін пайдалана білген.
1.Көне семит буыны жеткізе алмаған шумер вокализмінің бітімін түркі материалы аңғартады: аккад жазуынжа жіңішке дауыссыз дыбыстардың таңбалары болмаған. Жоғарыды берілген кесте шумер тілінде сапасы жағынан у-ÿ, а-ä қарама-қарсы дыбыс оппозиясы болғандығы туралы мәселе қоюға жол ашады. Біздің бұл ойымызды туш-шуш төмендетілу (түсірілу) диалект формалары дәлелдейді. Дауыссыз дыбыстар т,д тек жіңішке дауыстылыр алдында ғана жіңішкереді. Салыстырыңыз: шумер тілінде ті-ші өмір. «Зі» нұсқасы алдында «ді» диалектілік түрі болғандығын көрсетеді. «Забар», мысалы, түркінің «тäбір»атауына сәйкес келетін «дабір» сөзінен шыққан.Шумер вокализмінің сұлбасы: а-е, у-ÿ, і. Артқы «а» дауысты дыбысына әрқашан «е» дыбысы, кейде (бәлкім, диалаетілік) –«а» дыбысы қарсы қойылады (түрклогиядағы «е» түркі тілдерінде «а» дан әлдеқайда кейінірек пайда болды деген пікірге қарамастан). Дауысты «у»ға әрқашан «ÿ», кейде «і» дыбысы қарсы қойылады. Шумер тілінде «о-ö», «ы(ъ)» дыбыстары болмаған.
2.Шумер сөзі сингармониялы ма? Мұны кесіп айту әзірше қиын. Бірақ сөздерді әуендестіру, үндестіруге, сапалық жағынан болмаса да, айтылуы жағынан ұмтылғандығын көруге болады. Шумерлер сөзді дөңгелектеп жинақтауға, яғни оның консонанттық құрылымын бір дауысты дыбыспен толықтыруға тырысады: удун, дінгір, сікіл, амар, думу, діріг, ерен, забар, сакар, емек, ділі, узуг, уруг және т.с.с. Мұның өзінде бұл процеске морфологиялық құрылымы көмескі, тұтас ұғынылатын кірме сөздер (тума –думу, тенгір-дінгір, табір-дібір) тартылады. Сол кезде шумер тіліне тән сөздер тұйықталмайды: енші, енкі, үгкен, кена, шутаг, ібіра т.б. Шумер тіліне тән бұл заңдылық сырттан енген сөздерді жанама анықтауға диагностикалық белгі бола алады (ауысып келген сөз бастапқы айтылуын сақтап қалған жеке жағдайлар болады : мысалы, гештук. Мұндай кірме сөздер тілге кешірек еніп, «қалыптасып» үлгермеген болуы мүмкін : шуба, сіба- бақташы сөздері сияқты). Бастапқы қалпын бұрмалау (дауысты дыбыстар ассимиляциясы) шумер сөзінің түр-тұлғасын елеулі түрде өзгертіп жібереді, сондықтан басқа тілдегі материалдармен салыстырмайынша, шумер сөздерінің әуелгі нұсқаларын (праформаларын) қалпына келтіру мүмкін емес.
3.Шумер сөздерінің түп нұсқаларын қалпына келтіруге кедергі жасайтын тағы бір өзгешелік- ақырғы дыбыстардың түсіп қалуы. Олар көбіне-көп дауыссыз дыбыстар. Әр кезеңнің жазба деректері түп нұсқаны қалпына келтіруге кейбір жағдайда ғана мүмкіндік береді (узуг-узу-уз), ал көп жағдайда бізге соңғы бүлінген нұсқалар ғана жеткен.Ондай жағдайда түсіп қалған дыбыстың қандай дыбыс екендігін жобамен айтуға тура келеді.
Соңғы дауыссыз дыбыстың түсіп қалуы кейбір түркі тілдеріне, атап айтқанда, қыпшақ тіліне тән. Мысалы: оғыз және қыпшақ лексемдерінің ара қатынасын салыстырып көріңіз: сулук- сұлу – таза, әдемі; серук-серу – тоқыма станогы; табақ-таба – жайпақ табақ; бураук- бұрау – бұрғы, бұранда; тірік-тірі – тірі.
Қыпшақ тілдерінде «к » форманты үнемі түсіп қалып отырады, өйткені оны негізгі етістіктен зат есім түзетін синонимдік жұрнақ-«ма» ығыстырып отырады. Түркі тілдерінің бәрінде бір кезде өте өнімді қызмет атқарған «инфинитив -к –зат есім құрылымы біршама жеңіл «императив-ма-зат есім» құрылымымен алмастырылған.
Егер Орхон-Енисей жазуындағы мәтіндерде «к » форманты басымдық көрсетсе (бат түбірінен батма-батпақ), қазіргі қыпшақ тілдерінде «ма» енді «к »-ні ығыстырып тастады. Соңғысы формант есебінде танылмайды деуге болады. Шумер тілінде соңғы дауыссыз дыбыстың жоғалуы емлелік те, фонетикалық та себептен емес, құрылымдық сипаттағы басқа бір беймәлім себептен болғанға ұқсайды. Салыстыру барысында баяғы к/г дыбысының жоғалғандығы белгілі болды. Мысалы: ділі- тілік; узуг- узу – уз – йузук; еш – ешик; еме – емек; уду – удук, ыдук; дірі- діріг; ур – урук; угу – угук. Бірақ басқа да, рас,кейінректегі мысалдар да бар: кі – кір, суба – субан, е – еш, а – ад,т.б.
4.Сөздің түр-тұлғасын дауысты у/і дыбыстарының алмасуы да бұзады.Бұл әсіресе екі диалактілік форма кездескенде байқалады: шуба-сіпа – бақташы; сур-сір – тоқу. Бұл жай механикалық алмасудың мысалы. Бірақ кейде қайталама сөз (дубль) жалпышумерлік тілге жуық мағыналы дербес сөз ретінде енген. Сөйтсе де, мына сөздер кездейсоқ қатар тұрмаған деп ойлаймын: кур - тау, кір - жер (екі сөз де бір таңбамен бейнеленеді); угу -еңбек (адамның төбесі), ігі - көз. «Ата» түркі сөздерінен де у/і дыбыстарының жай алмасуын байқауға болады: сілік- таза, сулук- таза. Басқа мысал: тірік -1)тірі, 2) өмір; түбірі – турук. Шумерлер осыдан тір-өмір сөзін алады (этимологиясы: туру- туу, өмір сүру +к – зат есім жасайтын форма).
5. Жүйелі дыбыстық айырмашылықтар.
Шумер тіліндегі ұяң дауыссыздар, әдетте, түркі тіліндегі қатаң дауыссыздарға сәйкес келеді:
т) тенгір – дінгір к) терік – діріг
ут - уд так – таг
утун – удун как – гаг
тума – думу ісік – ісіг
ата – ада шақ – шаг
терік – діріг йузук – узуг
тілік – ділі
табір – дабір,дібір
іт – ід
Әйтсе де, шумер тілінде ұяңдалмаған формалар да кездеседі: ту, тума, тір, туш, кур, кір, урук, гестук, емек, кен. Бірақ бұлардың саны әлдеқайда аз.
Тіл бастапқы (қатаң) және кейінгі (ұяңдалған) тума- думу мысалдарын сақтай отырып, диалектілік формалар мағына жағынан ажырасып үлгерген. Бірақ ті-ді - өмір, сол сияқты ші-зі - өмір. Бұлар – диалектілік формалар.
6. Шумер және түркі тілдерінің дыбыстық айырмашылықтары айтарлықтай онша көп те емес. Бұл тілдерді салыстырғандағы алатын тағлым – ұқсастығы. Бұлардың ауытқуларының өзі бірдей: у / і, б / к, г дыбыстары сөз соңында алмасады.
7. Осы күнгі түркі тілдері шумер тіліндегікейбір түпкі шумер нұсқаларын өзгеріссіз сақтап отыр. Олар шумер тілінде дамуға түсіп, тіпті кейбір жағдайларда бұзылып та кеткен еді. Егер шумер тілі біздің заманымызға дейін сақталған болса, онда сөздердің бұзылу процесі үдей түсіп, шумер сөздігін түркі сөздігімен салыстыру мүмкін болмас та еді.
Түркі сөздері жастық кезінде екенін көрсетсе, онда шумер сөзі қаусаған кәрі шалға ұқсар еді. Шумер сөзі Ғайса пайғамбар туғанға дейінгі І мыңжылдықтың өзінде сыртқы тұлғасы жағынан әкесінен кәрі болып көрінетіндей сипатта ғұмыр кешті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет