Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


лекция. Көне түркі тілі және жазу дәстүрі



бет8/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
7 лекция. Көне түркі тілі және жазу дәстүрі
Көне түркі кезеңдегі жазу дәстүрі.Түркілік төл жазба мәдениеттің ең байырғы аймағы Алматы аймағындағы Есік қорғанынан табылған күміс тостақтағы жазу. Бұл б.ж.д YI-Y ғғ. жәдігер. Түркілік төл жазба мәдениеттің бұдан кейінгі көрнекті айғақтарының бірі ғұн жәдігерлері. Ғұн ұлысының негізін қалаған Маодунь қағанның ж.ж.д 176 жылы Қытай императорына жолдаған хаты. Маодунь қағанның Хань империясына үстемдік жүргізіп, жыл сайын сый салық беріп тұруға мәжбүрлегені тарихтан аян. Оның хатындағы шежірелік сипатта жазылған деректер назар аударады.
Байырғы түркі жазуын қолдана бастаған б.з.б. Ш ғасырдан бастап табиғи тас, ұстын (тақта тас), малдың терісі, киіз, ағаш, қағаз, қақтаған алтын, күмістерді пайдаланып келген. Осы материалдарға жазу, сызу технологиясы да, қолданған құрал сайманы да, әдіс амалы да әртүрлі.
Түркілер жазу алғанға дейін табиғи жартас, жалпақ тақ тастардың бетіне шаруашылығына, наным сенім, дүниетанымына байланысты әр алуан суреттер салып келген. Мұндай тас бетіне салған суреттер скиф (іш оғыз), сақ, хунну, түркі дәуіріне жатады. Б.з.б. X ғасырдан б.з. X ғасырына дейін 2000 жылдық тарихы бар. Мұндай суреттер бірнеше метрден отыз шақырымға дейін жалғасып, бүкіл тау жоталарын сызба сурет галериясына айналдырып жіберген. Батыс Моңғолияның Ақсай (Кіші Ұйғыр) деген жердегі тас бетіндегі суреттер отыз шақырымға созылып, 100 000-нан астам оқиғалы және жеке дара сызба суреттер сызылған. Қазақстан жеріндегі таңбалы тас 15 шақырым, орталық Моңғолиядағы Чулут өзені 10 шақырым т.с.с. жүздеген тау жоталардың тастарына сызылған скиф, сақ, хунну, түркілердің мұраларын атауға болады. Деректер Орта және Орталық Азия көшпеліліерінің ең алғашқы жабдығы тас болғандығын көрсетеді.
1.Тастың бетін ойып әріп таңбаларын түсіру. Қара, күрең, көк граниттер, базальттар, құмдауыт үгілме тастар пайдаланған.Темір, болат шапқыларды қолданған.
2.Үшкір, өткір құрал арқылы сызып таңбалау. Қара, қоғыр түсті қатты тастардың бетіне ұрып таңбалауға келметіндіктен, өткір, үшкір құралдар арқылы сызып жазу, сызуларды таңбалап отырған.
3.Тас бетіне қылауыш арқылы қара, қызыл, көк түсті тушь сиямен жазып қалдырған. Қытайдың «мак» деп аталатын тушін пайдаланған. Көшпелілер көк түсті жылқының безінен сия жасап қылауыш не құстың қауырсыны арқылы тас, ағаш, қағаз, тері бетіне жазу жазып келген. Моңғолияның Тамир өзенінің бойындағы Тайхар чулу жазбалары түгелдей сия және мак тушьпен жазылған. Онда қара, қызыл, көк түсті сия және мак пайдаланған.
4.Теріге жазылған кітаптар Дун хуаннан табылған.
Алтын күміске шығау тәсілімен жазылған мұралар Моңғолия, Қазақстаннан табылған. Орталық Моңғолияның Бұлғын аймағынан Өвгөнт (Қария) қорғанынана байырғы түркі жазуы шегілген алтын кірке табылған.Ол өз заманының дипломат паспорты іспеттес құжат. Қазір Моңғолияның ұлттық банк қорында сақтаулы.
Есік қорғанынан табылған күміс ожаудың басына байырғы түркі жазуын сызып жазған. Марғұлан ат. Археология институтында сақтаулы. Түркі, қарлұқ, Селигжүк, қараханид, Моңғол империясы, Алтын Орда, қазақ хандығы заманында құйылған мыңдаған теңгелер алтын, күмістен жасалған, ондағы жазулар түркі әлемінің жазу мәдениетінің құнды мұралары болып табылады.
Қайыңтоз (toz)ды түркілер қағаз орнына қолданған. Түркілер қайыңтоз, жапырақ, қағаз үшеуін қатар қолданған. Бізге жеткені Алтын Орда астанасы Сарайшықтан табылған «Жетім жыры» моңғол тілінде. Түркілер қаншама дүние жасаған, бірақ қағаз, қайыңтоз, жапырақ, ағаш, киіз, теріге жазған құндылықтар шіріп, тозып, өртеніп кеткен.
Әлем өркениетіне қытайлықтар қағаз әкелді. Қытайша «»ku< kuk деп атаған. Қағазды «Құдатқу білік » нұсқасында «qagat» «qagaz» деп жазылған. Қағазды шөптен жасайтын болғандықтан, сөздің түбірі qag, оны М.Қашқари сөздігінде шөптің, жемістің қағы деп көрсеткен. Түркілер YIII-IX ғасырларда өздері қағаз жасай бастаған. А.фон. Гавайн «Байырғы түркілердің жазу мәдениеті және қалыптау ( басу) » атты мақаласында қытайлар мен түркілердің қағаздарындағы айырманы көрсеткен. Химиялық анализ жасағанда жасалу технологиясы алшақтық байқалған. Түркілердің кезінде Ганьсудың Шаху атты жерінде қағаз жасап тұрғандығы жайлы дерек бар. YIII ғасырдың ортасынан Түркістанда жасалған қағаздары Батыс Еуропа зерттеушілері «мұсылман қағаздары» деп атаған. Бұл коноплядан жасалған. Қытайда жасалған қағаздың беті бүршіктеніп, бұдырланған болса, түркілердің жасаған қағаздарының беті жылтыр болып келеді. Тарихи деректерде б.з.572 жылдан Түркінің Таспар қағанына Сүй патшалығы жыл сайын 100000 бума қағаз және жібек мата жіберіп тұрған. Олай болса, түркілер қағазды ертеде ақ қолданған.
Руна жазуын Ертедегі Түркілерге өліні сөйлету сияқты наным-сенім әкелді ме, болмаса көршілес халықтармен болған саяси-мәдени қарым-қатынас әсер етті ме – ол өз алдына шешімін табар жай. Бірақ, қалай дегенде де, Ертедегі Түркі руна жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған құлпы тастағы жазулар боп келеді. Түркілер бұл ескерткіш жазуларды «бітіг таш» деп атаған.
Соңғы кездегі зерттеулерде айтылғанындай, руникалық жазу біздің дәуірімізге дейін, яғни скиф-сақ дәуірінде пайда болды. Біздің дәуіріміздің ІІІ-Ү ғасырларында руникалық жазудың екі нұсқасы болды: бірі- ғұндардың жазуы, екіншісі- Жетісу мен Моңғолия территориясында өмір сүрген руникалық жазудың шығыс нұсқасы. ҮІ-ҮІІ ғасырларда осы кейінгі нұсқаның негізінде орхон-енисей деп аталатын көнетүркі жазуы дамыды. Ғұн руникалық жазуы бұлғар және хазар жазуларының, сондай-ақ каңғар және қыпшақ жазуларының дамуына негіз болды.
Сөйтіп, Ертедегі түркілер Ү-ҮІ ғасырда өзіне ғана тән алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге әкелді. Жазу сияқты мәдениеттің ұлы қазынасын жаратты. Бұл жазумен оның кейінгі ҮІІІ ғасырдағы ұрпақтары Түрік қағанатының ҮІ- ҮІІІ ғасыр арасындағы тарихын қысқаша баяндаған тарихи шежірелерді туғызды. Сонымен олар кейінгі дәуірге өздері және арғы аталары жайлы жазба тарих қалдырды.
Б.Әбілқасымовтың пікірінше, орта түркі дәуірі деген атауға сұрақпен қарайды. Бұған негіз болған не нәрсе? Тілдердің жас мөлшері ме, әлде түркі тілдеріне ортақ дәуір дегенді білдіре ме? Егер жас мөлшеріне қатысты болса, онда ескі түркі тілі деп атау керек еді ғой. Осы дәуірде түркі тілдері жіктеліп, әртүрлі тілдік бірлестіктерге ұйысқан тайпа тілдеріне ажырағаны бнлгілі. Н.Баскаков бұл дәуірдің өзін екіге бөледі: Қарахандық кезең (X-XII ғғ), моңғолдық кезең (XIII-XY ғғ.). Бірінші кезеңде түркі әдеби тілі Қарахан мемлекетінде көбірек өркен жайды. Ал моңғол кезеңі дегенмен келісуге болмайды. Түркі тілді тайпалар моңғол билігінде болғанымен, тілдік тұрғыдан моңғол тілі түркі тілдерінің ешқайсысына әсер ете алмады.
Бұл кезеңде Алтын Орда хандығына қараған тайпаларда әдеби қыпшақ тілі үстемдік етті, ал Орта Азияда шағатай, оның ізбасарлары Әмір Темір билеген ұлыстарда Хорезмдік әдеби тілі (кейін шағатай әдеби тілі атанған) қалыптасты.
YI ғ. екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Қаратеңізге дейін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енеді. YI ғ. соңғы кезінде Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигізді. Жетісуда бірқатар қалалық орталықтардың тууына әсер етті. Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы XIYғ дейін қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып тоздырғанға дейін Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.
Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз YI ғ. хатқа түскен. Тараздан шыққан жол шығысқа Құлан асуына қарай асатын еді. Тараз бен Құлан аралығындағы кеңістік қарлуктерге жататын. Құланнан әрірек шығыста Меркі мен Аспара қалалары болды. Жол Сарығ түрік қағанының қыстағына Қырмырауға баратын. Қырмыраудан жол Жетісудің ең ірі қалалары Науакентке апаратын. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болатын. Жол Науакенттен шығып Жетісудың ең үлкен қаласы Батыс Түріктерінің астанасы, кейін түргештер, қарлықтар астанасы болған Суябқа келеді. Бұл қала туралы араб, қытай саяхатшылары көп жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді. Баласағұнның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болған. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі болды. Бұл қаланың тұрған жері қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың белгілі екі ескерткішіне Ақбешім мен Боран қалажұртына сәйкес келеді.
Суяб қаласынан керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара жайлауына барып, Іле алқабына түседі, Алмалық қаласына барады. Жол Іле Алатауының баурайындағы қазіргі Қастек, Қаскелең, Алматы қалалары арқылы Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз қаласына жеткен. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған. Жол сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, Шу мен Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген.
Тәлхизден жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Алмалыққа жетеді. Теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп Іленің Қапшағай шатқалына дейін жеткен. Одан әрі Алтын Емел белесінен өтіп, Екіоғыз қаласына жетеді. Алакөлдің оңтүстік батыс шетінде бір қала болған, саяхатшылар «Облыстың астанасы » деп атаған. Оны XIII ғ. Еділ бойы мен Кавказға асып кеткен. Жібек жолының осы бөлегі Сүткентті басып, Шашқа, төмен қарай Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке тартылған.
Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отырар Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы XIII ғ. Жент, Сарайшық, Сарай Бату, Каффу сияқты шулы дулы шаһарлар үстімен жүрген.
Көне түркі кезеңдегі жәдігерлер және жазу дәстүрі.Түркілік төл жазба мәдениеттің ең байырғы аймағы Алматы аймағындағы Есік қорғанынан табылған күміс тостақтағы жазу. Бұл б.ж.д YI-Y ғғ. жәдігер. Түркілік төл жазба мәдениеттің бұдан кейінгі көрнекті айғақтарының бірі ғұн жәдігерлері. Ғұн ұлысының негізін қалаған Маодунь қағанның ж.ж.д 176 жылы Қытай императорына жолдаған хаты. Маодунь қағанның Хань империясына үстемдік жүргізіп, жыл сайын сый салық беріп тұруға мәжбүрлегені тарихтан аян. Оның хатындағы шежірелік сипатта жазылған деректер назар аударады.
Байырғы түркі жазуын қолдана бастаған б.з.б. Ш ғасырдан бастап табиғи тас, ұстын (тақта тас), малдың терісі, киіз, ағаш, қағаз, қақтаған алтын, күмістерді пайдаланып келген. Осы материалдарға жазу, сызу технологиясы да, қолданған құрал сайманы да, әдіс амалы да әртүрлі.
Түркілер жазу алғанға дейін табиғи жартас, жалпақ тақ тастардың бетіне шаруашылығына, наным сенім, дүниетанымына байланысты әр алуан суреттер салып келген. Мұндай тас бетіне салған суреттер скиф (іш оғыз), сақ, хунну, түркі дәуіріне жатады. Б.з.б. X ғасырдан б.з. X ғасырына дейін 2000 жылдық тарихы бар. Мұндай суреттер бірнеше метрден отыз шақырымға дейін жалғасып, бүкіл тау жоталарын сызба сурет галериясына айналдырып жіберген. Батыс Моңғолияның Ақсай (Кіші Ұйғыр) деген жердегі тас бетіндегі суреттер отыз шақырымға созылып, 100 000-нан астам оқиғалы және жеке дара сызба суреттер сызылған. Қазақстан жеріндегі таңбалы тас 15 шақырым, орталық Моңғолиядағы Чулут өзені 10 шақырым т.с.с. жүздеген тау жоталардың тастарына сызылған скиф, сақ, хунну, түркілердің мұраларын атауға болады. Деректер Орта және Орталық Азия көшпеліліерінің ең алғашқы жабдығы тас болғандығын көрсетеді.
1.Тастың бетін ойып әріп таңбаларын түсіру. Қара, күрең, көк граниттер, базальттар, құмдауыт үгілме тастар пайдаланған.Темір, болат шапқыларды қолданған.
2.Үшкір, өткір құрал арқылы сызып таңбалау. Қара, қоғыр түсті қатты тастардың бетіне ұрып таңбалауға келметіндіктен, өткір, үшкір құралдар арқылы сызып жазу, сызуларды таңбалап отырған.
3.Тас бетіне қылауыш арқылы қара, қызыл, көк түсті тушь сиямен жазып қалдырған. Қытайдың «мак» деп аталатын тушін пайдаланған. Көшпелілер көк түсті жылқының безінен сия жасап қылауыш не құстың қауырсыны арқылы тас, ағаш, қағаз, тері бетіне жазу жазып келген. Моңғолияның Тамир өзенінің бойындағы Тайхар чулу жазбалары түгелдей сия және мак тушьпен жазылған. Онда қара, қызыл, көк түсті сия және мак пайдаланған.
4.Теріге жазылған кітаптар Дун хуаннан табылған.
Алтын күміске шығау тәсілімен жазылған мұралар Моңғолия, Қазақстаннан табылған. Орталық Моңғолияның Бұлғын аймағынан Өвгөнт (Қария) қорғанынана байырғы түркі жазуы шегілген алтын кірке табылған.Ол өз заманының дипломат паспорты іспеттес құжат. Қазір Моңғолияның ұлттық банк қорында сақтаулы.
Есік қорғанынан табылған күміс ожаудың басына байырғы түркі жазуын сызып жазған. Марғұлан ат. Археология институтында сақтаулы. Түркі, қарлұқ, Селигжүк, қараханид, Моңғол империясы, Алтын Орда, қазақ хандығы заманында құйылған мыңдаған теңгелер алтын, күмістен жасалған, ондағы жазулар түркі әлемінің жазу мәдениетінің құнды мұралары болып табылады.
Қайыңтоз (toz)ды түркілер қағаз орнына қолданған. Түркілер қайыңтоз, жапырақ, қағаз үшеуін қатар қолданған. Бізге жеткені Алтын Орда астанасы Сарайшықтан табылған «Жетім жыры» моңғол тілінде. Түркілер қаншама дүние жасаған, бірақ қағаз, қайыңтоз, жапырақ, ағаш, киіз, теріге жазған құндылықтар шіріп, тозып, өртеніп кеткен.
Әлем өркениетіне қытайлықтар қағаз әкелді. Қытайша «»ku< kuk деп атаған. Қағазды «Құдатқу білік » нұсқасында «qagat» «qagaz» деп жазылған. Қағазды шөптен жасайтын болғандықтан, сөздің түбірі qag, оны М.Қашқари сөздігінде шөптің, жемістің қағы деп көрсеткен. Түркілер YIII-IX ғасырларда өздері қағаз жасай бастаған. А.фон. Гавайн «Байырғы түркілердің жазу мәдениеті және қалыптау ( басу) » атты мақаласында қытайлар мен түркілердің қағаздарындағы айырманы көрсеткен. Химиялық анализ жасағанда жасалу технологиясы алшақтық байқалған. Түркілердің кезінде Ганьсудың Шаху атты жерінде қағаз жасап тұрғандығы жайлы дерек бар. YIII ғасырдың ортасынан Түркістанда жасалған қағаздары Батыс Еуропа зерттеушілері «мұсылман қағаздары» деп атаған. Бұл коноплядан жасалған. Қытайда жасалған қағаздың беті бүршіктеніп, бұдырланған болса, түркілердің жасаған қағаздарының беті жылтыр болып келеді. Тарихи деректерде б.з.572 жылдан Түркінің Таспар қағанына Сүй патшалығы жыл сайын 100000 бума қағаз және жібек мата жіберіп тұрған. Олай болса, түркілер қағазды ертеде ақ қолданған.
Руна жазуын Ертедегі Түркілерге өліні сөйлету сияқты наным-сенім әкелді ме, болмаса көршілес халықтармен болған саяси-мәдени қарым-қатынас әсер етті ме – ол өз алдына шешімін табар жай. Бірақ, қалай дегенде де, Ертедегі Түркі руна жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған құлпы тастағы жазулар боп келеді. Түркілер бұл ескерткіш жазуларды «бітіг таш» деп атаған.
Соңғы кездегі зерттеулерде айтылғанындай, руникалық жазу біздің дәуірімізге дейін, яғни скиф-сақ дәуірінде пайда болды. Біздің дәуіріміздің ІІІ-Ү ғасырларында руникалық жазудың екі нұсқасы болды: бірі- ғұндардың жазуы, екіншісі- Жетісу мен Моңғолия территориясында өмір сүрген руникалық жазудың шығыс нұсқасы. ҮІ-ҮІІ ғасырларда осы кейінгі нұсқаның негізінде орхон-енисей деп аталатын көнетүркі жазуы дамыды. Ғұн руникалық жазуы бұлғар және хазар жазуларының, сондай-ақ каңғар және қыпшақ жазуларының дамуына негіз болды.
Сөйтіп, Ертедегі түркілер Ү-ҮІ ғасырда өзіне ғана тән алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге әкелді. Жазу сияқты мәдениеттің ұлы қазынасын жаратты. Бұл жазумен оның кейінгі ҮІІІ ғасырдағы ұрпақтары Түрік қағанатының ҮІ- ҮІІІ ғасыр арасындағы тарихын қысқаша баяндаған тарихи шежірелерді туғызды. Сонымен олар кейінгі дәуірге өздері және арғы аталары жайлы жазба тарих қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет