ҚОҒАМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ, ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ, АЗАМАТТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ПІКІРЛЕСУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ҚАБАТТАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ, ҚОҒАМДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ТҰТАСТЫЛЫҒЫН САҚТАУ ЖЕКЕ АДАМДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ, ДЕРБЕС ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІ АДАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
САЯСАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
1. Саяси мүдде - саяси мінез-құлықтың ішкі, саналы қайнар көзі.
2. Саяси қатынастар - қоғамдық топтардың өзара және билік институттарымен қарым-қатынасы.
3. Саяси ұйымдар - саяси билік институттарының жиынтығы.
4. Саяси қызметтер - субъектілердің өз саяси статустарын жүзеге асырудағы әлеуметтік белсенділігі.
Саясаттың субъектiсi –жеке тұлға (әлеуметтік белсенді және ерік бостандығы бар адам), әлеуметтiк топтар (таптар, ұлттар, ұлыстар), мемлекеттік билік (саясаттағы ең әрекетшіл субъекті, ішкі және сыртқы саясатты анықтайды, ресурстарды бөледі, әлеуметтік өмірді ұйымдастырады), саяси элита(қоғамның ең белсенді тобы, кәсіби саяси қызметпен айналысады, ол әртүрлі болады).
Саясат субъектілері тән ерекшеліктер: басқару дербестігі(мұнда субъектілік басым болады) менсаяси тәжірибе(мол саяси тәжірибе қалыптасады, саяси мәдениет жоғарылығы).
Саясатқа ықпал ететiн факторлар: мәдени, тарихи, ұлттық салт-дәстүр, әлеуметтiк-психологиялық, географиялық, демографиялық ахуалдар.
Саясатты ұйымдастыру деңгейлері:
1. Мегадеңгей- халықаралық және әлемдік саясат.
2. Макродеңгей - жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік басқару ұйымдары, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
3. Мезодеңгей- аймақтық басқару ұйымдары, облыстық және аудандық.
4. Микродеңгей - адамдар мен ұсақ әлеуметтік топтардың саяси өзара ықпалдары.