Саясат пен экономика барлық қоғамдық байланыстар жүйесінің іргетасы екендігі белгілі. Сондықтан олардың өзара әрекеті кез келген қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады. Саясат қоғамның экономикалық саласымен, экономикалық қатынастармен, экономикалық мүдделермен тығыз байланысқан. Сонымен бірге, саясаттың қоғамның экономикалық өміріне тигізер әсері де сан қырлы. Экономикалық қатынастарды шектен тыс саясиландыру оның дамуын тежейтінді тарихтан белгілі. Әрине саясаттың экономикаға тигізетін белсенді ықпалына зәрулік кезеңдер де болуы мүмкін. Демек, саясаттың экономика дамуына жағымды немесе кері ықпал етуі белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты болады. Саясат және мораль - Саясат пен мораль- адамдардың тәртібін реттейтін өзіндік тәсіл.
2. Саясат пен моральдың арақатынасы тікелей алғанда саяси режимге тәуелді болады. 3. Саясат пен моральдың айырмашылығы: саясаттың шиеленістілігі; саясат күшке сүйенеді; мораль ар-ұжданға арқа сүйейді.
Саясат пен моральдың өзара қарым-қатынастары туралы төрт негізгі көзқарас қалыптасқан:
1. Моралдық көзқарас, саясат жоғары адамшылық мақсаттарға ие, қандай жағдай болса да оны бұзбайды (шыншылдық, мейірбандық, адалдық т.б.);
2. Саясат моральдан бөлінген /Н.Макиавелли: 1. Мораль- мәңгілік саласы, белгілі ережелерді өз еркімен орындау арқылы адамдар арасындағы қатынасты реттейді. 2. Саясат- мақсаттылық үстемдік етеді, әртүрлі жағдайлар мен мүдделер күресі кезінде саясат күшті, озбырлықты, алдауды мақсатқа жету үшін қолдануы мүмкін;
3. Саясат пен мораль бітіспейді немесе саясатқа берілген жағымсыз пікір. Анархизм, марксизм. Саясатты жүзеге асыратын мемлекет, ал мемлекет тек күшпен ашық және жасырын үстемдікке ие. Кім билікке ие болса, ол қысым көрсетуші, қанаушы болады;
4. Саясат пен мораль арақатынасындағы ымырашылдық көзқарас. М.Вебер, ол саясат пен этиканы түгел бөлудің қажетті жоқ деді. Саясаттағы адамгершілік шекарасын белгілеу үшін этиканы сенім этикасы және жауапкершілік этикасы деп бөлді.
Достарыңызбен бөлісу: |