Орындаған: Психология мамандығы 3 курс студенттері
Қабылдаған: Лиясова А.А.
1 лекция Психотерапияның түрлері (бағыты, жұмыс түрі, ұзақтығы, шешілетін мәселелер көлемі бойынша).
Психотерапия (грек. psyche — жан және therapeia — емдеу).
Бастин (Bastine R., 1982) психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін айтады.
1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне ықпал ететін емдеу әдісі ретінде;
2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу әдісі ретінде;
3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде;
4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар кешені ретінде.
Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.
Штротц (Strotzka Н. Н., 1982) пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»

Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ.