Лекция Орындаған: Психология мамандығы 3 курс студенттері Қабылдаған: Лиясова А. А



бет2/24
Дата22.04.2023
өлшемі110,81 Kb.
#85678
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.


  • Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.

  • Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық

  • тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі.

  • Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.

2 лекция Топтық психотерапияның ерекшеліктері. Топтық психокоррекция жүргізетін психологтың негізгі міндеттері. Жас және жыныс ерекшеліктері бойынша топтық құрам.


  • Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс.

  • Медицинаның пайда болу кезінен бастап сырқаттарға көмек көрсету үшін емшілер психологиялық әсер ету әдісін қолданды, сол мақсатпен топты пайдаланды. Топта көрініс табатын нәтиже, бағдарлар, эмоциялар, сенім сезімдері, емші біліктілігі мен пайдаланатын процедураларға деген сенім қатысушылардың «эмоциональдық улану» шарасы бойынша ұлғаятын аффектілік жүктеме күйін арттырған және емделушінің әсері мен ықпалына икемделуге ықпал етті.

  • Әсер ету ең алдымен сырқаттың эмоциональдық саласына айналған илану, және оның рациональды, сыни ойлаудан өтіп кетіп, оның көңіл-күйі мен психикалық физиологиялық жағдайына, әлеуметтік қызмет етуіне пайдалы әсер етті. Психикалық денсаулыққа топпен жағымды әсер етудің үлгісі ретінде австрия психиатры Месмердің (Mesmer F. А.) тәжірибесін айтуға болады. Оны кейде «психотерапия теориясы мен тәжірибесін құрушы, оның ішінде топтық» деп атайды.

  • Топтық динамика топ мүшелерінің өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттері, қызметтері және сыртқы ортаның әсері нәтижесінен пайда болатын топтық әрекеттер мен интеракциялар жиынтығы болып табылады және уақыт ішіндегі топтың дамуы немесе қозғалысы. Жалпы түрінде топтық динамиканы топтың мақсаттары, міндеттері, нормалары, оның құрылымы, ондағы көшбасшы құрылымы, топтық рөлдер, топ тұтастығы, топ қаты, бұрынғы эмоциональдық тәжірибе өзектілігі, топшық қалыптасуы, топтағы вербальдық қарым-қатынастың басты түрлері. Топтық динамиканың барлық элементтері жұмыс үдерісінде талқыланады, себебі оларда мінез-құлықтың қарым-қатынас, міндеттер, ерекшелік және т.б. жүйесі жақсы айқындалады және сонымен бірге топтық пікірталастың негізгі тақырыптары ретінде қарастырыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет