Негізгі процедура: контакт орнату, қарсылықты зерттеу, сезімдерге ортақ болу және қолдау көрсету.
Психодрамалық топ мақсаты – топ мүшелері әртүрлі рөлдерде ойнау арқылы басқа адамдардағы қиын жағдайларға көңіл-күйін, жағымсыз эмоцияларды шығару.
Негізгі түсініктері: катарсис, инсайт, спонтандылық.
Би терапиялық топтар – бұл топтағы жұмыс ерекшелігі – топ мүшелерінің билеу арқылы өз денелерін сезіну, эмоциялық жағдайларын ескеру, дененің позитивті образы арқылы сезімдерін жеткізу. Топ мүшелерінің өз сезімдерімен контакт орнату.
Арт терапия топтары. Бұл терминді 1938 жылы Адриан Хил санаториядағы туберкулезбен ауыратын адамдарға жүргізді. Алайда басқалары өнердің барлық түрлерін қолдана бастады. Әртүрлі сезімдермен эксперимент жүргізуге және зерттеуге болады.
Іскерлік психотерапиялық топ – топ мүшелеріне коммуникациялық дағдыларды жетілдіруге, кездесу ұйымдастыра білу дағдыларын адамдармен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі түсініктері: оқыту моделі, мақсат қою, өлшеу және бағалау.
Негізгі процедура: өзіндік сенімділікті бағалу, сенімді жүріс-тұрыспен жұмыс жасау.
Т-топтары – психолог Курт Левин бірінші коррекциялық тренинг топтарын 1946 жылы ұйымдастырды. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас модельдерін, коммуникативті жолдарын үйретуге мүмкіншілігі мол екендігін көрсетеді. Кейбір т-топтар қатысушылардың сана сезіміне әсері көп болғандықтан оларды сенситивті топтар деп те атайды.