Лекция Орындаған: Психология мамандығы 3 курс студенттері Қабылдаған: Лиясова А. А


Дене бағыттық топтарда денені зерттеуге бағытталған, дене сезімдерін клиенттің түйсінуі, бұзылыстарды дұрыстау әдістеріне арналған методтар жатады



бет13/24
Дата22.04.2023
өлшемі110,81 Kb.
#85678
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Ювенильді кезең-emirsaba.org

Дене бағыттық топтарда денені зерттеуге бағытталған, дене сезімдерін клиенттің түйсінуі, бұзылыстарды дұрыстау әдістеріне арналған методтар жатады.

Көбіне танымал әдістер: А. Лоуэннің биоэнергетикалық анализі, М. Фельденкрайс, Ф. Александер, А. Янов әдістері.

Моше Фельденкрайс әдісі – дененің қозғалысы кезіндегі адамның өзін түйсінуі, санамалауы және мақсат ретінде адам дамуы. Сонымен қатар бұл әдісті соматикалық үйрету деп те атайды.

Фельденкрайс әдісі практикасының 2 формасы бар:


  • Қозғалыс арқылы саналау – жетекші вербалды нұсқау бойынша топ мүшелерінің қозғалысын бағыттап отырады.

  • Функционалды интеграция – жетекші практика арқылы топ мүшелеріне қозғалысты көрсететін вербалды емес индивидуалды сеанстар.

Фредерик Александер әдісі – адамдарға өз денесін дұрыс қолдануды, бұлшықеттерін үйлесімді қозғалтуды көздейтін жаттығулар кешені.

Артур Янов әдісі – психосоматикалық бұзылыстарды емдеудің жаңа тәсілі. Янов пікірі бойынша, адам мәселенің негізі балалық шақтағы саналанбаған психикалық жарақат болып табылады.



    Маше Фельденкрайс әдісі

    Фредерик Александер әдісі

    Артур Янов әдісі

    Лоуэннің биоэнергетикалық әдісі

9 лекция Психодрама (Я. Морено). Негізгі ұғымдары және процедуралары. Кезеңдері, түрлері.


    • Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.

    • Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.

    • Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары- өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемаларымен бөліскеннен кейін пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерды жеке проблемаларымен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды.

    • Психодрамада адамға өзінің проблемаларына шоғырланған кейіпкер ролі беріледі. Осылайша, ол психолог бағыттаған импровизацияда өз сезімдерін еркін білдіре алады, ал басқа актерлер оның шын өміріндегі басты персонаждарды ойнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет