“Арттерапия” – көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия өнерге, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылғ
“Арттерапия” – көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия өнерге, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі.
АРТ-ТЕРАПИЯ (А.). Арттерапия оқыту біздің жүзжылдықтың 20-жж Принцхорн (Prinzhorn H., 1922) еңбектерінен басталды. Ресейде 1926 ж. А. арналған бірінші монография шықты – П.И.Карповтың «Творчество душевнобольных и его влияние на развитие науки и техники» кітабы, психикалық аурулар кезіндегі шығармашылық байқаулар мәселесі тек медициналық түрде емес, сонымен бірге тарихи және биологиялық аспектілерде қарастырылды.
Алғаш бұл термин 1938 ж Адриан Химед туберкулез ауруына шылдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл – күйлерін көтеру жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық, драмалық терапия және т.б) қолданыла бастады. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамалар өте кең әрі нақты емес деп санайды. Тарихқа сүйенсек, арттерапия мамандары ұзақ уақыт психиатрлар мен психотерапевтердің көмекшісі болған, олар пациенттің салған суреттерін сырқаттың диагнозын дәлірек анықтауға немесе ем жүргізуге көмектесетін қосалқы әдіс ретінде пайдаланған.
Әлемдік әдебиетте А. емдік қасиет механизмі туралы әртүрлі көзқарастары бар – креативтік, сублимативтік, жобалық елес, А. қамтылық ретінде және т.б.
А. бейімделу бағдарынан тұлғаның жалпы үйлесімдеуге септігін тигізетін ортаға бейімделу мүмкіндігіне қатысты адамға белсенді бағдар ұсынатын интеграцияланған бейімделу механизмі болып саналады.
1969 ж тәжірибеленуші арттерапевттерді біріктірген американдық арттерапия ассоциациясы құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейіннен Ұлыбритания, Голландия, Жапония, Ресей елдерінде пайда болды. Бұл ұйымдар қазіргі кездегі психотерапияда өнер мен шығармашылықты қолдану үлкен сұранысқа ие болғанын және оны пайдалану жолдарын анықтау қажеттілігі туғанын дәлелдеді. Арттерапияға қатынасушыларға шығармашылық сипаттағы әр түрлі жұмыстар (сурет, сұңғат, графика, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін, дизайн, әрлендіру, пластика, ойма, күйдірме, бедер салу, әшекей, маркетри т,б) ұсынылады. Өнер мен шығармашылықтың адамның жан – дүниесіне әсері, біріншіден, психотерапевтпен қарым – қатынас жасау белсенділігін қамтамасыз етеді, екіншіден қатынасушы топта өзінің уайым – қайғысын толық әрі нақты бейнелеуіне мүмкіндік туады, үшіншіден, ішкі қайшылықтарын өнер арқылы шығарады, төртіншіден ол өзін шығармашылық адамы ретінде қабылдайды.

Дәл қазіргі уақытта арттерапияға – видео –арттерапия, инсталяция, перферманс, компьютерлік шығармашылық деген түрлері қосылған. Мұндағы қарым – қатынаста визуалды канал негізгі рөл атқарады. Арттерапия фактілі материалдардың жеткілігіне қарамастан теориялық жағынан әлі эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдік қасиеті туралы теория әлі қалыптасқан жоқ.