Лекция-презентация №13. Общество и культура


Моральдің ұлттық, таптық және жалпыадамзаттьщ сипаты бар



бет6/13
Дата08.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#135289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қоғам және мәдениет

Моральдің ұлттық, таптық және жалпыадамзаттьщ сипаты бар.

Дін


Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделген сеніммен байланысты қоғамдық сананың түрі. Оның екі деңгейі бар: діни психология және діни идеология.
Діни сана қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерде: буддизм, христиандық, ислам - және көптеген ұлттық діндерде көрініс тапқан.
Діни сана адамдардың үлкен топтарын, халықтарды біріктіріп, қоғамды идеалдар арқылы тұрақтандырады.

Өнер


Гегель өнерді «образ түрінде ойлау» деп анықтаған. Өнерде эстетикалық сана көрініс табады.
Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын, сонымен катар, адамның өнер саласындағы эстетикалық практикасын бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірлер, түсініктер, теориялар және идеалдар кіреді.
Эстетиқалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден түрады.

Философия


Философия дегеніміз - адамның дүниеде алатын орны туралы, табиғат, қоғам және адам ойлауының ең жалпы даму заңдары туралы тұжырымдайтын және адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілімдерді қамтитын, рухани құндылықтарға бағыттайтын қоғамдық сананың ерекше түрі

Саяси сана


Саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық көрініс табады, сондыктан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады:қарапайым-практикалық, идеология-лық-теориялық.
Саяси идеология - белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялык міндетгерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет