Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері


лекция Кездесу топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары



бет12/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
4 лекция Кездесу топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары.
Кездесу топтары – бұндағы жұмыс топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімділігін арттыруға, ұйымшылдыққа бағытталады. Ең негізгісі басқалармен қарым-қатынаста аутентикалық болуға негізделеді. Бұндағы негізгі түсініктер: өзіндік ашылу, өзіндік сана, жауапкершілік, сезімдерге көңіл аудару, қазір және осында принципі. Негізгі түсініктері: контакт орнату, сенімділікті орнату,қарсылықты зерттеу, сезімдерге ортақ болу және қолдау көрсету.

Тренингтік топтардың пайда болу тарихы социолог және психолог Курт Левиннің есімімен тығыз байланысты. Левин алғаш лабораториялық, кейіннен табиғи жағдайларда жұмыс істеу барысында топ ішінде адамдар үнемі бір-біріне әсер етеді деген тұжырымға келген. Ол: «адамдар өздерінің адекватты емес ұстанымдарын анықтап, мінез-құлықтың жаңа формаларын қалыптастыру үшін оларды басқалар көргендей етіп қарап үйрену керек» деген. Оның «өріс теориясы» «топтық динамикаға» негіз болды, және топтық психотерапияның пайда болуына себепші болды.


Дегенмен алғашқы тренинг тобы (Т-топ) кездейсоқ пайда болған. Жаратылыстанушы бірнеше ғалым (Лиленд Брадфорд, Рональд Липпитт, Курт Левин) 1946 жылы іскер адамдар мен бизнесмендерден негізгі әлеуметтік заңдарды (мысалы, жұмысқа алу заңы) зерттеу және оларды қолданудағы әртүрлі ситуацияларды «ойнау» мақсатында топ құрған. Бұл топ сол заңдарды қолданумен байланысты мінез-құлық пен шешім қабылдаудың оптималды варианттарын жасаумен қатар алғаш болып кері байланыстың көмегімен өздері басқа жақтарынан көре білген.
Мұндай топтар жаңа нәтижелі оқыту әдісі ретінде тез танымал бола бастады, осылай келесі жылы Бетеле қаласында ( Мэн штаты) ұлттық тренинг лабораториясы құрылған. Т-топтарының немесе сол кездегі оларды атағандай «базалық біліктіліктердің тренингтік топтарының» негізгі міндеттері тренинг мүшелеріне тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі заңдылықтарын оқыту, қиын жағдайларда басқару және шешім қабылдауға үйрету болған. Мұндай топтар алғашында терапияға бағытталмаған.
Кейінірек Т-топтары өзінің мақсатына байланысты біліктілік топтары (жетекшілерді, іскер ададарды дайындау), тұлғааралық қарым-қатынас топтары (отбасы проблемалары) және «сензитивті» (тұлғаның өсуі мен өзін жетілдіруіне, ынжықтықты жеңуге бағытталған) топтар болып бөлінді. Дегенмен, Т-топтарында акцент көп уақытқа дейін дені сау адамдарды бастық және қоластындағылармен қарым-қатынас, қиын жағдайлардағы оптималды шешім табу, ұйымдасдастырушылық іс-әрекетті жақсарту және т.б сияқты ролдік функцияларды оқытуға қойылды.
Т-топтарының негізін салушылар өздері санағандай оқыту әдісінен мынадай позитивті бастамалар көрген:
-қоғамдық ғылымдарды (психология. социология) практикалық өмірде қолдану;
-демократиялық оқыту әдістеріне (авторитарлыққа кері) бағытталу;
-оқыту процесінде өзара түсінісу, көмек көрсету қарым-қатынасын орнатуға қабілеттілік, топтың кез-келген мүшесінің проблемасына үңілуге дайын болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет