Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері


Вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты жақсарту



бет8/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
3.Вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл кезеңнің міндеті топ ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға жағдай жасау. Топ мүшелерінің әрқайсысына өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу жұмысы кезінде пайда болған байланыстар, ойлар, сезімдер жайлы айтулары керек. Топ мүшелерінің ашық болуы, ашылуы, сол адамның жеке ерекшеліктеріне, арт-терапевтке, топ мүшелеріне деген сенімінен айқын көруге болады. Егерде, белгілі-бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, оны қинауға болмайды. Топ мүшелеріне салған суреттеріне ат қойып, әңгіме айтуларын сұрауға болады. Мұндай бастама ішкі жан дүниелерін ашуға көмектеседі. Топ мүшелерінің суретері арқылы барлық мағұлмат алуға болады. 4.Кішкентай топтар арасындағы топтық жұмыс. Топ мүшелері кішкентай қойылымдарды қоюына болады.
5.Рефлексиялық талдау. Бұл қортынды кезең болып саналады. Яғни, өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды. Арт-терапия шығармашылық процесс. Арт-терапияда белгілі бір нұсқаулар, талаптар болмауы керек. Және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар, арт­-терапияда басқалармен салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдмілігі талданбайды, мағынасы талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғүрлым эффект жақсы болады. Арт-терапия сабағында ­әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді, драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады.
Жеке сурет салу
Жеке сурет салу барысында ескерілетін жағдайларға тоқталсақ.


М а қ с а т ы : Бұл тапсырма сабақты бастауға жақсы сәйкес келеді.
Топ мүшелерінің шығармашылығының бастауы сонымен қатар оларға өздерінің эмоцияларын түсінуге және бір-бірімен танысуға көмектеседі.


Қ а ж е т т і у а қ ы т: 1сағат.


Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р: Қағаз,түрлі-түсті қаламдар және борлар, бояулар. Сонымен қатар мүсін соғуға қажетті саз балшықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет