Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері



бет9/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Д а й ы н д ы қ: Қажет етпейді.
Процедура. Топ мүшелері қағаз, түрлі-түсті қаламдардан таршылық көрмеуі қажет. Әр адам өзімен-өзі жеке қала алатын орынға жайғасады.
2 минуттай уақыт ойларын жинақтауға, сезімдеріне құлақ асуына беріледі. Оларға алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлаудың қажеті жоқ.Топ мүшелері жәй қалам алып сурет салуды бастайды.
Өзінің сезімдерін білдіру үшін сызықтарды, фигураларды түрлі-түстермен салуғада болады. Бұл жерде сурет салушыға берілетін тапсырма символдық түрде өзінің сезімдерін, ол сол кезде өзін қалай сезінсе, жоғарыда болмаса төменде екендігін айқын бейнелеу. Топ мүшелеріне белгілі-бір нәрсені бейнелеуге күштеудің қажеті жоқ, сол уақытта басына не келсе, соны бейнелеуге тырысуы қажет. Топ сурет салып аяқтаған соң, басқалардың жұмыстарынан алған әсерлер туралы пікір алысады, бірақ оларға баға беруге тырыспауы керек. Өздері бейнелеген суретте, өздерінің сезімдері қалай көрініс тапқандығы жөнінде айтуларына болады.
Әр түрлілік үшін, бұл жерде тек ғана түрлі-түсті қаламдармен ғана емес, сонымен бірге борлар, бояулар және саз балшықты да пайдалануға болады. Бұл жерде қай кезде болмасын, ең бастысы, өздерінің сезімдеріне ерік беріп, өз еңбектерінен өздері туралы азда болса, жаңа ақпарат алуға ұмтылу. Әр адам бұл тапсырманы өздерінің қиялдарын оятып, ішкі қалыптарын бейнелерде көру үшін қолданады.
Жұптасып сурет салу

Жеке сурет салудан жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған мән берсек.




М а қ с а т ы: Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге жақсы көмектеседі.


Қ а ж е т т і у а қ ы т: 0,5-1 сағат.


Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р: Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.


Д а й ы н д ы қ: Әдейі ұйымдастырылған дайындықты қажет етпейді.
Процедура. Әрбір топ мүшесі өзіне жұп таңдайды. Ескертетін жайт, ол өзіне жұп ретінде, кіммен қарым-қатынасы анықталмаған, өзі жақсырақ танысқысы келетін адамды алады. Екеуінің арасына үлкен қағаз жазады, әрқайсысы өзіне қажетті көптеген түрлі-түсті борларды алады. Олар қағазды бірлескен шығармашылығының кеңістігі ретінде қабылдап, жұмысты серіктер бір-бірінің көзіне тіке қараудан бастауы керек. Осыдан соң, үлкен қағазға өздерінің үнсіз спонтандық сурет салуда сезімдерін бейнелеуге кіріседі. Олар қарым-қатынасқа тек фигура және сызықтар, түрлі –түстер арқылы ғана түседі. Сурет салуды аяқтаған соң, жұптар өздерінде болған әсерлер туралы пікір алмасады. Олар жұптарының суретіне қарағанда, өздерінде болған эмоциялық реакциялар туралы, екеуінің суретіндегі сәйкестіктерге, мінез-құлық ерекшеліктеріне, автор демонстрация етіп отырған топтағы әр серік өзінің серігі туралы жаңа бірнәрсе білуге ұмтылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет