Т о п т ы қ с у р е т с а л у
Топтық сурет салудың өзіне тән ерекшеліктерін ескерсек, онда жұмыстың сапалы өңдеуіне өз ықпалын тигізеді.
М а қ с а т ы: Бұл тапсырма топ мүшелерінің шығармашылық жұмысқа әркім өз үлесін енгізуге болады. Бұл топтағы рөлдік қарым-қатынасты және қатысушылардың индивидуалді тәжірбиесіне басқалардың әсерін айқындау үшін күшті тәсіл болып табылады.
Қ а ж е т т і у а қ ы т: 1сағат.
Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р: Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Д а й ы н д ы қ: Басқарушы топтық арт-терапия динамикасы туралы кішкене болсада елесі болуы керек. Барлығы дөңгеленіп отырып, әр адам не қажет деп тапса соны бейнелеуді бастайды. Басқарушының сигналына кейін, барлығы өздері бастаған суреттерін сол жақтағы көршісіне береді де, оң жақтағы көршісінің бастаған суретін алады. Осыдан кейін, әркім алған суреттерін өз суреттері сияқты ары қарай жалғастырады, оған өздері қалаған өзгертулермен, толықтырулар енгізе алады. Келесі сигнал берілгенде, тағы сол секілді, сол жаққа суретті береді де, оң жақтан алған суретті жалғастырады. Әр топ мүшесі өзі бастаған суретті алмайынша осылай жалғаса береді. Қатысушыларға өздері бастаған суреттердің қалай жалғастырылғанын қарағанда өздерінде пайда болған сезімдерді ұғынуға ұмтылулары керек. Әр топ мүшесі суретті сол күйінше қалдырады ма жоқ, әлде өзгертулер енгізеді ме, оны өзі біледі. Топ мүшелері өздері жасаған жұмыстарынан алған әсерлерді талқылайды. Бірлескен сурет салуда, қарама-қарсы нұсқасы ол қатысушылар ортақ бір композицияға өздерінің үлестерін қосады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы өздерінің көңіл-күйлері туралы топпен бірге ортаға салады. Әрбір қатысушының топтық тәжірбиеден алынған жұмысқа өзінің жеке қатынасын білдіру арқылы жұмысты аяқтаймыз.
8. Іскерлік психотерапиялық топтар.
Топ мүшелеріне коммуникативті дағдыларды жетілдіруге, кездесу ұйымдастыра білу дағдыларын үйретуге,адамдармен жақын араласа алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі түсініктері: оқыту моделі,мақсат қою, өлшеу және бағалау. Негізгі процедуралары: өзіндік сенімділікті бағалау,сенімді жүріс-тұрыспен репитиция жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |