Психологиялық тренинг жүргізуші әрекетінің әдістемелік ерекшеліктері. Психологтың тренинг барысында метаәдістерді қолданудағы жіберетін қателіктері
Ақпарат берумен шұғылдану.
Психологтың клиенттері – жеткіншек болсын, ата-ана болсын, ересектер болсын – басқа себептермен қатар тренингке жаңа білім алу үшін келеді. Осы жерде жүргізушінің қатысушыларға мүмкіндігінше көп ақпарат берумен айналысуы кері әсер туғызуы мүмкін.
Тренингтің жүргізушінің монологына, кәдімгі лекцияға айналып кетуі оны негізгі бір атрибуттарынан айырады – қатысушының өз белсенділігінен. Мұнда тренер үнемі сөйлемей отыруы керек деген сөз емес. Оның айтатын сөзі қысқа және мазмұнды болу керек. Нақты ақпарат алуға деген сұраныс туғанда (мысалы, психологтар бұл сұрақ бойынша не ойлайды?) тренер сұрақты оңай топқа бағыттап жібере алады: «Бұл мәселе бойынша топтың басқа мүшелері не ойлайды?». Бұл жағдайда топ үшін дискуссия өнімді және пайдалы болады, ал тренер талқылаудан соң сөзді түйіндейді.
2. Кеңес беру және интерпретациямен шұғылдану. Топтық жұмыстың басында жиі клиенттердің өздері және өз қиындықтары туралы сұрақтары тек тренерге арналады. Қатысушылардың кутетіні, осының бәрін тренер ұйымдастырып отырғандықтан, ол бәрін нақты, неге екендігін түсіндіру керек, яғни сіздің кеңесіңіз бен ұсыныстарыңызды күтемін. Мұндай жағдайда тренер интерпретация жасаудың ең дұрыс жолын білетіндігіне толық сенімді болады да, қатысушылардың проблемаларын егжей-тегжейлі талдап беруге дайын болады. осы жағдай тренер үшін ловушка болып табылады.
Клиенттің проблемаларын психологиялық талдау арқылы топтың алдында ашып тастағанда не болады? Бұл кезде адам жиі публика алдында оның ішкі проблемаларын басқалар біліп қойды деген сезімде болады, солай болғандықтан ол енді психологтан нақты ұсыныстар талап етеді. Психолог бұл жағдайда амалсыз ұсыныстар береді. Осылайша тренинг бір сәтте публикалық консультацияғы айналады, топтың қалған мүшелері ақырындап кезекке тұра береді.