Транспектива принципі.
Бұл принцип бойынша психолог тренингте қатысушылар өткен және болашақ оқиғаларды біріктіріп бастарынан өткізуге қажетті жағдай жасауға ориентир жасау керек. Уақыттың бірізділігі – шартты түсінік. Психологиялық уақыт мулдем басқаша жүреді.
өтіп жатқан жағдайлар қазіргі кезді ғана емес, өткен мен болашақты да өзгерте алады. Мұны психоанализдегі ығыстырылған оқиғалардың шығуынан немесе НЛП-ғы «болашақты програмалаудан» көруге болады.
осылайша оқиғалар өткен өмірде, қазіргі уақытта және болашақта емес, транспективада болады.
Писхологиялық тренингтің теориялық негізі.
Топ –дегеніміз миниатюрадағы шынайы әлем. Онда өмірде кездесетіндей тұлғаарлалық қарым-қатынас, мінез-құлық, шешім қабылдау сияқты мәселелер болады. дегенмен бұл жасанды лабораторияның ерекшелігі болады:
Т-топтарында әркім экспериментатор және эксперименттің пәні бола алады, мұнда шынайы өмірде шішілмейшін міндеттердің шешім табуы мүмкін, Т-топтарында «психологиялық қауіпсіздік» қамтамасыз етіледі. Т-топтарындағы міндеттер тұлға өсуі мәселесіне жақын болған сайын басқарудың авторитарлы әдістері авторитарлы емес , демократиялық әдістермен ауысады.
Ең алдымен Т-топтарында қалай оқуға үйретеді.
Өз-өзін елестету –бұл өзін ашу процесі болып табылады.
Кері байланыс топтың мүшелері басқалардың мінез-құлқына реакцияларын айтқанда пайда болады. әсіресе партнерінің эмоциялық реакциясында көрінеді.
Топта эксперимент жасау бірдей жағдайлардағы шешім табудың әртүрлі варианттарын қарстырумен байланысты.
Тренингті екі мағынада түсінуге болады
1) практикалық психология «қолданбалы пән» ретінде, оның ерекшелігі «академиялық зерттеу психологиясына бағытталатындығы».
2) практикалық психология «ерекше психологиялық практика ретінде». Ондағы басты ориентация психиканы зерттеу емес, «психикамен жұмыс» болып табылады.
Бірінші жағдайда тренинг зерттеу әдісі ретінде, оның негізінде тұлғааралық қарым-қатынастар және әлеуметтік феномендер зерттеліп, құрылуы мүмкін. (Мысалы АҚШ-тағы алғаш тренингтік орталық тренинг лабораториясы деп аталған).
Екінші жағдайда тренинг нақты адамдардың психологиялық мінездемелерімен практикалық жұмыс істеудің бір тәсілі ретінде қарастырылады.
Левин алғаш лабораториялық, кейіннен табиғи жағдайларда жұмыс істеу барысында топ ішінде адамдар үнемі бір-біріне әсер етеді деген тұжырымға келген.
Т-топтарының немесе сол кездегі оларды атағандай «базалық біліктіліктердің тренингтік топтарының» негізгі міндеттері тренинг мүшелеріне тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі заңдылықтарын оқыту, қиын жағдайларда басқару және шешім қабылдауға үйрету болған.
Әрбір жас категориясы үшін тренингтік әдістерді жүргізудің арнайы ерекшеліктері болады.
Тренинг адамдардың кәсіби және тұлғалық өзіндік санасын дамытуға қажетті психологиялық жағдайларды туғызады, олардың әлемге, басқа адамдарға деген мінез-құлқы мен қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |