Лекция қр конституциялық құқығының негіздері Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері


Жер туралы ұғым және оның функциялары



бет23/37
Дата29.04.2023
өлшемі150,41 Kb.
#88443
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
дәрістер жиынтығы 2

2. 3 Жер туралы ұғым және оның функциялары


Кез келген мемлекетте жер кадастрының объектісі болып оның жер қорлары саналады.


Жалпы «жер» деген ұғымды екі мағынада қарастыруға болады: біріншіден Жер оның табиғи құрауыштары және сипаттамаларымен планета ретінде, екіншіден – тек Жер беті немесе үстіңгі қабаты. Жер қатынастары, жерге орналастыру және жер кадастры жағынан белгілі табиғи (кеңістік, жер бедері, топырақ, өсімдік, сонымен бірге және ормандар, қазбалар, су және б.), әлеуметтік-экономикалық (өндіріс құралы, байлық, бедел және б.) және өндірістік (еңбек заты, құрал-жабдығы, тәсілі және б.) сипаттамаларымен қоршаған ортаның маңызды бөлігі.
Жер ауыл шаруашлығы, өнеркәсіп, көлік және басқа да халық шаруашылығы салаларының дамуының негізі болып саналады. Адамның өмір сүру және өндірісте іс әрекет ету үшін қажетті материалдық жағдайлар ішінде жер өзінің топырақ жамылғысы, қазбалы байлықтары, ормандары және суларымен ерекше орын алады. Осыған орай ол кезкелген өндірістік процестің бірінші жаршысы және табиғи негізі.
Жер табиғитарихи дене, еңбектің жалпы шарты және заты, адамның қалауынсыз және санасынсыз, қоғамның әсерінсіз пайда болғанмен тіршілік етеді. Өндіріске тарту барысындағы процестерде оған тірі және затталған еңбек кіреді, жер өндірістің құралы болады.
Кең мағнада өндіріс құралдарына еңбек процесінің жалпы орындалуына қажетті барлық материалдық жағдайлар жатады.
Өндірістің осындай жалпы құралы ретінде жер саналады. Сондықтан жер өндірістің құралы ретінде ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпте және адам еңбек ететін барлық салаларда қызмет етеді.
Дегенмен оның ауыл шаруашылығындағы рөлі басқа және ауыл шаруашылығына жатпайтын өндіріс салаларымен салыстырғанда бірдей емес.
Өңдеу өнеркәсібінде жер пассивтік немесе сылбыр рөлді атқарады, ол еңбек процестері жүретін тек орын, фундамент немесе операциялық кеңістік базисі ретінде саналады. Өндіріс процесі және өңдеу өндірісінің өнімі топырақтың құнарлығына және сипатына, табиғи өсімдіктердің сапасына және жердің өндіріс құралы ретінде басқа да қасиеттеріне байланысты емес.
Пайдалы қазбаларды игеру өндірісінде жердің рөлі артады, мұнда ол операциялық кеңістік базисі ғана емес, сонымен қатар ерекше қойма ретінде қаралады. Бірақ бұл жағдайда да өндіріс процесі топырақтың сапасына байланысты емес.
Ауыл шаруашылығында жердің маңыздылығы әбден басқаша, мұнда ол бұл өндіріс саласының материалдық шарты ғана емес, сонымен қатар өндірістің белсенді факторы болып саналады. Өндіріс процесі жер, топырақ құнарлығы, табиғи, биологиялық процестермен тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығында жер жалпы шарт және операциялық кеңістік базисімен қатар екі функцияны атқарады, ол еңбек заты және өндіріс құралы.
Жер өндірістің оригиналды құралы болып саналады, сондықтан оның басқа да өндіріс құралдарынан өзгеше айрықша белгілері бар. Ол ерекшеліктері келесідей:

    1. Жерден басқа барлық өндіріс құралдары адам еңбегінің туындысы, ал жер табиғаттың жаратылысы. Ол табиғаттың сыйы ретінде еңбектің алдын алады және оның табиғи шарты болып саналады. Тек қоғамның өндірістік іс әрекеттері арқасында өндіріс құралы болып қалыптасады. Сондықтан оның қызмет етуі табиғат заңдарына да, қоғамның заңдарына да бағынады. Жерді өндіріс құралы ретінде табиғат кешенінен бөліп қарауға немесе қарсы қоюға болмайды.

    2. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды (тракторлар, комбайндар, автомобильдер) әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады, ал жермен бұндай істерді орындауға болмайды.

    3. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды, былайша атқанда ол тозбайды. Бұл ерекше құнды қасиет және басқа өндіріс құралдарында байқалмайды.




    1. Жер кеңістікте көлемі бойынша құрлықпен шектелген және ештеңемен ауыстыруға болмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.

Барлық кадастрлық істердің және процедуралардың бірінші және негізгі объектісі – жер учаскесі. Барлық қалғандары – топырақтың құнарлы қабаты, өсімдік, пайдалы қазбалар, су қоймалары, ғимараттар, құрылыстар, инженерлік орналастыру элементтері және т.с.с. – жылжымайтын мүлік. Жер учаскесі мен басқа жылжымайтын мүлік арасындағы айырмашылық мынада: жер табиғат жаратқан жалпыға бірдей адамның тіршілік ету жағдайы, ал жылжымайтын мүлікті жасауға адамның қатысы немесе еңбегі бар. Жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктің бірлігі екеуін өндірістікте пайдалану процесінде байқалады.
Сондықтан әлемдік практикада жер учаскелерін пайдалану кезіндегі қатынастар жер заңдарымен, ал жылжымайтын мүлікті пайдаланудағы қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
Жер учаскесі алғашқы ұғым ретінде – барлық елге бірыңғай, сондықтан ол белгілі бір көрсеткіштермен сипатталады. Олар мыналар: орналасқан жері, шекарасы, ауданы, құны, қатыстылығы және т.с.с. Жер учаскесін онымен тығыз байланысқан жылжымайтын мүлікпен қарастырғанда көрсеткіштер саны жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамаларына, оны пайдалану тарихы мен экономикасына байланысты артады.

Т.М.Блисов. Жер кадастры: оқу құралы – Алматы, 2014. – 94б


16-17 беттер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет