9.5 Далалық дайындық жұмыстар. Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі, камералдық жиналған материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.
Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты территорияның іс жүзінде қалыптасқан жайын анықтап, жобалау авторларының жер пайдаланудың территориясымен және өндіріс ұйымдастырылуымен танысу. Бұл жұмыс жобалау институтының мамандары және жерге орналастыру жұмысы жүргізілетін шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарының шешетін сұрақтарына, оның мазмұнына, түріне, жобалау жұмыстарының көлеміне байланысты жинайтын материалдардың тізімі, мазмұны, көлемі, толықтылығы өзгереді.
Кейбір ауыл шаруашылық тық емес жер пайдалануда бөлгенде қосымша мына құжаттар жиналады: бөлінетін учаскеде пайдалы қазбалардың барлығы; объектісінің орналасу схемасы: әр жыл бойынша салу кезегі көрсетілген, объектінің генералдық планының схемасы; құрылысты қаржылау құжаты.
Жиналған зерттеу, ізденіс және жобалау материалдарын зерттей, талдай келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.
Дала ізденісінің нәтижесі әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша актіленеді, оған ізденіс сызбасы қосылады.
Сызбада ізденістің барлық элементтері мен детальдары түсіріледі, басқа жер иелеріне және жер пайдаланушыларға берілетін жерлер көрсетіледі.
Камералдық және далалық ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша ш.а.ж орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз қаралып, жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.
Жобалауға тапсырмаІ. Дайындық жұмыстары материалдары бойынша жобалау ұйымы, тапсырма беруші және жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін объектілердің мамандарының қатынасуымен шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасауға тапсырма тағайындайды.
ІІ. Жобалауға тапсырма жер иелері, жер пайдаланушылар, мекемелер және ұйымдар, өкіметтің компетентті органдарымен келісе отырып жасалады. Жобалауға тапсырманы заказ беруші бекітеді. Міндетті түрде тапсырма Госкомзем мен келісуде жасады.
ІІІ. Жобалауға тапсырма өзінің бекітілген формасы бойынша жасалады.
С.С. Абдыгалиева. Жерге орналастыру: оқу құралы – Алматы, 2013