Лекция сабаӘыныҰ мазмуны


Пәнніңмақсаттары мен міндеттері



бет6/8
Дата26.04.2022
өлшемі50,18 Kb.
#32302
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Пәнніңмақсаттары мен міндеттері

«Инклюзивті білім беру» пәнінің негізгі мақсаты инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамсыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Пәнді оқытудағы міндет:

- студенттерге инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базаларымен жәнефилософиялық, әдіснамалық негіздерін ұғындыру;

- инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру;

- инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік, басқару жұмыстарымен таныстыру;

- инклюзивт ібілім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеул ібалаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету моделдерді туралы түсініктер қалыптастыру;

- инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беруге біріктіру туралы ғылыми-практикалық көзқарастарын қалыптастыру;

- курс бойынша теориялық және практикалық материялдарды қабылдау және түсінуге қажетті негізгі ұғымдық аппаратын меңгерту.


Оку нәтижелері:

- инклюзивті білім берудің философиялық, әдіснамалық негіздері мен нормативтік-құқықтық базасын,инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалрға философиялық, әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің заманауи моделдерін,білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдіске мамандардың пәнаралық қызметінің моделі туралы,жалпы білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосудың әртүрлі мәселелерінің жолдарын білуі тиіс;



- балалар мен мүгедектердің құқықтары туралы отандық және халықаралық негізгі тәрбиелерді қолдануды,жеке психикалық және психофизикалық даму ерекшеліктері мен жалпы, арнайы (бұзылыстардың түрлі типтері бойынша) заңдылықтарын ескеруді,

мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-педагогикалық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білімдері негіздерін қолдануы,білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары жағдайында әртүрлі бұзылыстары бар балаларды тәрбиенің түрлі стратегиялық мүмкіндіктеріне сай және саналы бағалай алуды меңгеруі тиіс;



- білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары жағдайында әртүрлі бұзылыстары бар балаларды тәрбиенің түрлі стратегиялық мүмкіндіктеріне сай және саналы бағалай алуын, педагогикалық ойлауын қалыптастыру,дамыту дағдылары қалыптасуы тиіс;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет