Лекция сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктері



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі28,34 Kb.
#16141
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктері

  1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 Жақын туыстардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу

1. Мемлекеттік  міндеттерді атқаруға уәкілеттік  берілген лауазымды және өзге  де адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақ-шасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерінің жақын туыстары(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесеері (зайыбы) атқаратын қызметтерге тікелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын  құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік

1. Мемлекеттік  міндеттерді атқаруға уәкілеттік  берілген  адамдардың  немесе  соларға  теңестірілген адамдардың мынадай:



  1. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;

  2. аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану;

  3. мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

  4. шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде занды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

  5. кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;

  6. мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;

  7. берілу заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негізсіз бастарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;

  8. жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;

  9. мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорына беру;

  10. жеке және занды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;

  11. жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;

  12. жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қөрінеу кедергі жасау;

  13. кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкілеттігін сондай қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет