Лекция сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі28,34 Kb.
#16141
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

  1. барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;

  2. мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуде, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

  3. мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;

  4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық басқада жүйелерін қорғаудың басымдығы;

  5. Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;

  6. жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен Құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын  жою және  олардың  алдын алу.

  7. сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  8. мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;

  9. осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;

  10. сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзгеде қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет