Лекция сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен


Сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  күрес  туралы  заңы



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі28,34 Kb.
#16141
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құқық

1.3. Сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  күрес  туралы  заңы

Осы Заң азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін езгеше пайдалануы, жеке езі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылық-тар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Осы Занда, сондай-ақ өзге заңдарда кезделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық  бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

 Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және зандарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың екілеттігіне жатқызылған ісжүргізу мәндері.

 Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.

Лауазымды  адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық билікетушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын  адамдар мемлекеттік міндеттерді мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзгеде заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.

Заңның  қолдану  аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  күрестің   негізгі  принциптері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет