Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн



бет65/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн
1 Саяси мәдениет ықпалымен саяси өмiрдiң дәстүрлi формалары өндiрiлуi мүмкiн;
2 Саяси мәдениет әлеуметтiк және саяси өмiрдiң қоғам үшiн жаңа, дәстүрлi емес формаларын өндiруi мүмкiн;
3 Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн.
Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады:
1 Танымдық қызметi  қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптердi танып бiлуге үйретеді және субъектiнi саяси салада табысты жұмыс iстеуіне керектi бiлiммен, қоғамды басқару әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады;
2 Етенелесу қызметi  адамдардың белгiлi бiр әлеуметтiк қауымдастыққа жатуын, әрi сол топпен өзiнiң мүдделерiн жақындастыруын, сол топпен саяси өмiрге белсендi араласуын түсіндіреді;
3 Әлеуметтендiру қызметi  адамның қандай да бiр саяси билiк жүйесiнде өзiндiк саяси құқығы мен саяси қызметiн, мүдделерiн iске асыруға қажеттi дағдылар мен қасиеттердi игеруiн қамтамасыз ету;
4 Реттеушiлiк қызметi  бұл саяси мәдениеттiң адам мiнез-құлқына әсерi, олардың iшкi және халықаралық өмiрдiң саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазiргi саяси жүйенi, саяси қайраткерлердi, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерiн бағамдау, әлеуметтiк-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу;
5 Тәрбиелiк қызметi  бұл саяси бiлiмдердi игеру жеке адамның интеллектуалды дамуына, дүниетанымының кеңеюiне, мүдделердi қорғауға, қоғамдық-саяси әрекетке, қимылға белгiлi тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзiнiң көрiнiсiн әлеуметтiк белсендiлiктен табады;
6 Интегративтiк (бiрiктiрушiлiк) қызметi  саяси мәдениет өмiр сүрiп отырған саяси жүйенiң тiрегi қызметiн атқарады. Саяси мәдениет қоғамның көпшiлiгiнiң өмiр сүрiп отырған саяси жүйенi қолдауын қамтамасыз ету арқылы оларды бiрiктiру мақсатында қызмет етедi;
7 Коммуникативтiк (қарым-қатынас) қызметi  өмiрде үстемдiк алған саяси сана мен мiнез-құлықты жаңа ұрпаққа жеткізу және беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет