Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудын орны



бет2/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудын орны. Саясаттану басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебi, бәрiнiң зерттеу обьектiсi ортақ, ол – қоғамдық өмiр. Олар кейбiр ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бiрақ, әрбiр қоғамдық ғылымның өзiндiк зерттеу пәнi бар.
Саясаттану жалпы әдiстемелiк ғылым болып табылатын философиямен тығыз байланысты. Өйткені, философия саяси құбылыстар мен процестердi талдауда дүниетанымдық бағдар болып табылады. Ол жалпы саяси болмысты, саяси оқиға мен құбылыстарды философиялық түсініктермен сараптауға мүмкіндік береді.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономика саяси процестердi экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердiң негiзiнде әр түрлi әлеуметтiк топтардың өз мүдделерiн жүзеге асыру үшiн күресiп жатқанына көз жеткiзедi. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және iске асыру, ол процестердi мемлекеттiк реттеу қағидаларын ғылыми түрде негiздейдi.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Қоғамдағы қатынастарды, оның ішінде саяси қатынастарды реттеп отыратын құқық болып табылады. Саясаттанудың негізі зерттеу мәселелерінің барлығы да оның құқықтық аспектілермен байланысып жатады, онсыз толық мәнді талдау болмайтындығы да сөзсіз.
Саясаттануға жақын ғылымның бiрi – әлеуметтану. Саясаттану ғылымы қоғамның саяси өмірінің дамуы мен өзгерістерін процесс ретінде қарап, оны зерттеп отыруы қажет. Ал, әлеуметтану оған қолданбалы зерттеулер жасауға, қоғамдағы оқиға-құбылыстарға адамдық өлшеммен қарауға, бағалау мен сараптауға мүмкіндік береді.
Тарих болса жүйелi түрде саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректер жинауға, тарихи-салыстырмалы саяси талдаулар жасауға көмектеседі.
Саясаттану курсының құрылымы мен міндеті. Саясаттың теориясы және әдiснамасы, онда саясаттанудың философиялық-әдiснамалық негiзi, саясат пен билiктiң мәнi мен мазмұны, оның негiзiн салушы белгiлерi, қызметтерi, даму заңдылықтары қарастырылады.
Саяси жүйелер теориясы – саяси жүйенiң мәнiн, құрылымын, қызметiн зерттейдi, оларға салыстырмалы талдау жасайды, сонымен бiрге негiзгi саяси институттарға – мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға, қатынастарға сипаттама бередi.
Әлеуметтiк-саяси процестердi басқару теориясы қоғамды саяси басқару мен көшбасшылық жасаудың мақсатын, мiндеттерiн және формасын зерттейдi, саяси шешiм қабылдау мен тарату механизмiн қарастырады.
Саяси iлiмдер тарихы. Саяси iлiмдердiң қалыптасуы мен даму тарихын, кезеңдерiн зерттейдi.
Халықаралық қатынастар теориясы iшкi және сыртқы саясат мәселелерiн, әлемдiк саясатты, халықаралық қатынастың әртүрлi аспектiлерiн т.б. қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет