Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі



бет71/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
4. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі. Қазiргi тәуелсiз Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріне өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн институттар, қағидалар, iс-әрекеттер мен мінез-құлық үлгілері енді. Солардың iшiнде, саяси мінез-құлық саясаттану ғылымының ерекше категориясы, ұғымы ретінде жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Саяси мінез-құлық (political behaviour) – саяси процеске жеке мен топтық қатысу немесе қатыспау. Саяси мінез-құлық- бұл саяси қатынастар саласындағы индивидтер, топтар мен ұйымдардың билікке оң немесе кері ықпал етуге байланысты белсенділігі. Индивидтерді саяси өмірге ендіру саяси әлеуметтендіру, толықтыру (рекрутиование) және етенелестіру (идентификация) арқылы іске асырылады, онда саясатқа тартудың әр түрлі деңгейлері бейнеленеді:
1) алғашқысы құндылықтар мен қалыптарды игеру, өйткені саяси құндылықтар адамдардың мінез-құлқының ниеттемелік (мотивациялық) орталығы.
2) өмір сүруші билік жүйесін тану (танымау) мен қолдау. Бұл, әрине бұқаралық сана деңгейiнде әлеуметтiк-саяси мақсаттардың орындалу мүмкіндігіне тәуелді болып табылады.
3) саяси алаң ішінде белгілі бір бағытты ұстану. Мұнда, азаматтардың жеке белсендiлiгi, қызығушылығы мен бiлiктiлiгi маңызды. Қызығушылықтың жойыла бастаған кезеңiнде саяси аномия пайда болады. Бұл саяси әлеуметтендіру процесіне байланысты құбылыс, сондықтан әлеуметтiк белсендiлiк саяси белсендiлiкке жеткiлiктi түрде ұласуы тиіс. Қазіргі кезде саяси әлеуметтендiру күрделенуде, ол адамның саяси жүйемен керi байланысын сипаттайды, яғни оның ақпараттарды өз бетiнше өңдеу қабiлетi мен жеке әрекетiнде тәжiрибенi пайдалана білуі. Сондықтан әлеуметтендiру үшiн индивид идеяларды қалай қабылдайтындығы ғана емес, солардың негiзiнде қандай әрекет жасайтындығы да маңызды. Сонымен, саяси әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды:

  1. жеке адамның белгiлi бiр норма, құндылық, күткен рөлiн игеруi;

  2. белгiлi бiр саяси әрекет, мiнез-құлық түрлерiн қолдануы.

ХХ ғасырдың басында мінез-құлыққа көңіл бөлу өзінің маңыздылығын күшейте түсті. Бұл, саясаттану ғылымында саясат пен саяси қатынастарды жеке адам мен топтар мінез-құлқы арқылы зерттейтін бихевиористік (bechavior – мінез-құлық деген ағылшын сөзінен шыққан) бағытты қалыптастырды. Бұл бағыт саяси психологияның негізгі принциптеріне сүйенетін, саяси мінез-құлықтың қырларын аша түсінетін ілім. Бихевиоризмнің негізгі ұстанымы, саясаттану нақты ғылыми, эмпирикалық әдістер көмегімен саясаттағы адамдардың саяси мінез-құлқын зерттеуі тиіс. Бихевиористiк тәсiл төмендегiдей негiзгi топтарға сүйенедi:
- адам- саясаттың басты субьектiсi;
- саяси құбылыстарды зерттеуде жеке адамдардың саясатты түсiнуiне, мойындауына, саяси сенiмiне немесе саясаттың дұрысы немесе бұрыстығына көзiнiң жетуi;
- адамның саясаттағы санасы мен психологиялық көңіл-күйінің басымдылығы;
- адамдардың мiнез-құлқын белгiлi бiр модулдерге бөлу, саяси процестерге қатысушы жеке адамдардың мен топтардың саяси мiнез-құлқын алдын-ала бiлу мүмкiндiгін пайдалану.
Саясаттанудағы бихевиористік бағыттың негізгі парадигмалары мыналар:

  • саясатты тұлғалық өлшеу;

  • саяси мінез-құлықтағы психологиялық мотивтің үстемдігі;

  • фактілер мен құндылықтарды бөлу;

  • саясаттануда басқа ғылымдардың әдістері мен жетістіктерін пайдалану.

Саяси мiнез-құлықтар iшiндегi ерекше мәндiлерi мыналар:

  • реакция, бұл сыртқы ықпалдарға жауап ретіндегі адамдардың саясаттағы әрекеттерi;

  • кезеңдермен қатысу, сайлау арқылы билікке өкілдерін жіберу;

  • саяси ұйымдар, қозғалыстар мен партиялардың қызметтеріне қатысу;

  • әскери, мемлекеттiк басқару, қауiпсiздiк сақтау сияқты мемлекеттік ұйымдарда саяси қызметтер атқару;

  • саяси жиналыстарға қатысу, саяси ақпараттарды жинау және тарату, саяси пiкiр-сайыстарға қатысу;

  • тiкелей әрекет, саяси институттардың қызметі мен жаңаруына митинг, шеру, төңкерiс, аштық, бойкот сияқты саяси әрекет түрлері арқылы ықпал ету;

  • саяси процестерге саяси жетекшілер, мемлекет пен саяси ұйымдар, қозғалыстар өкiлдерi арқылы ықпал ету.

Саясаттануда саяси мiнез-құлықты талдаудың тұрақты дәстүрi қалыптасқан, ол саяси мiнез-құлықтың саналы және санадан тыс импульстiк формалары барлығын айтады. Бұл азаматтардың саяси мәдениетi түрiне тiкелей тәуелдi. Саяси мәдениет төмен болған сайын саяси мiнез-құлықта көңiл-күйлiк анық байқалады. Мұнда кейбiр саяси жетекшiлер мен ұйымдар халықты саяси манипуляциялау арқылы, өз мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады.
Кез келген ұжымдық әрекеттегi сияқты адамдар саяси мiнез-құлықта да мына төмендегiдей топтарға бөлiнуi мүмкiн:

  • жетекшілер, саяси қозғалыстар мен ұйымдарды басқарушылар. Жетекшiлiк- бұл топтық қызметтi интеграциялау механизмi, сонымен бiрге ұйым мен индивид мақсаты үшiн жеке адамдар мен топтарға тұлғалық ықпал етуге қабiлетi. Саяси жетекшiлiк- адамдардың саяси мiнез-құлқы мен саяси қызметiне ықпал етудiң жеке тұлғалық қасиетi;

  • белсендiлер, жетекшілер мен қолдаушылар арасындағы делдалдар. Олар қозғалысқа қатысушыларды ұйымдастырады, жетекшілерді тұрақты түрде жеткен жетiстiктер мен қиындықтар туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп отырады, бұқара мiнез-құлқының стратегиясы мен тактикасына мәндi өзгерiстер ендiредi;

  • iзбасарлар, олардың мiнез-құлқы белсендiлiк пен қатысудың әр түрлi деңгейiмен сипатталады. Олар жетекшілер ұсынған мақсаттар мүдделерге сай деп есептейді, әрі саяси қызметке қатысу стимулын нақты бiледi;

  • пiкiрлер жетекшiсi, олар қатысушылар мiнез-құлқына ұйым қызметi арқылы ықпал етпейдi, олар өз интелектiк қызметiмен ықпал етедi.

Кейбiр еңбектерді саяси мiнез-құлықты саяси иммобильдiлiк, саяси апатия, саяси бойкот, аномия, абсентеизм сияқты ұғымдармен байланыстарады. Саяси иммобильдiлiк- адамның саяси қатынастан шығуын, қоғамдық даму деңгейiнiң төмендiгiмен сипатталынады; саяси апатия- саяси жүйеге жағымсыз қатынас, онымен әрiптесудiң кез келген түрiнен бас тарту; саяси бойкот- саяси жүйе мен оның институттарына жауласушылықты ашық бiлдiру; аномия- мiнез-құлықты реттеушi және бағыттаушы норманың бұзылуы, жойылуы; абсентеизм- халықтың саяси өмірге немқұрай, селсоқ қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.
Бұл құбылыстар өмiрлiк мәндi құндылықтардың маңыздылығын жоя бастауы, дәстүрлi саяси құндылықтарға терiс көзқарастарының қалыптасуы кезеңінде қалыптасады. Ол жағдай бiздiң елiмiзде посттоталитарлы, постсоциалистiк кезеңде көрiнiс бердi. Өйткенi, ондаған жылдар бойы саяси сананың негiзiн құрап тұрған құндылықтар жүйесi, өзiндiк тұрақтылығы бар экономикалық және әлеуметтiк қатынастар қысқа мерзiмде күйреп, талай адамдарға психологиялық тұрғыдан соққы болып келдi. Әрине, кез келген нәрсенiң соңы екiншi құбылыстың басы екенi белгiлi. Сондықтан тәуелсiздiкпен қоса адамдарға жаңа дем беретiн, рухтандыратын жаңа құндылықтар келдi. Бiрақ осымен орай азаматтардың саяси салаға сыни көзбен қарау дәстүрi де қалыптаса бастады. Бұқара халықтың бiр бөлiгi саяси енжарлық позициясына ауысып, нарық жағдайындағы қайшылыққа толы тiршiлiктiң ортасына қосылып кеттi. Бұрынғы қоғамның мүдделерi адамдардың дүниетанымында терең болғандықтан жаңа құндылықтар жүйесiне ауыса қою өте қиын әлеуметтiк психологиялық феноменге де айналды.
Қазіргі кезде электоралды мінез-құлық пен электоралды таңдауға ықпал ететін факторлар анықталынған, олар:

    • тұрғындардың саясатқа қатысуының тарихи тәжірибесінің болуы немесе болмауы;

  • географиялық оқшауландыру факторы (қала немесе ауылдық жерлер);

  • азаматтарда жалпы сайлау өткізуде шешім қабылдау процесіне ықпал ету құралының болуы немесе болмауы;

  • сайлау процесіндегі сыбайластық деңгейі;

  • азаматтардың әл-ауқаты экономикалық фактор ретінде

    • қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет типі.

Қазақстандық электораттың саяси мәдениеті аралас типте болып келеді, олар:
Бiрiншi типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi. Олар негiзiнен әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды.
Екiншi типтi мақұлдаушылар деп атайды. Бұл саяси мәдениеттiң құрылымына мемлекеттегi заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз. Олар қоғамның саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған нұсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей араласуын қаламайды.
Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендi түрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейд.
Әрине, бұл үш типтi де бiр қоғамнан кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тұтас саяси мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi типке жататындардың саны көбейе түседi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет