Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары



бет69/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси әлеуметтендіру мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтеріледі. Себебі сол кезеңде батыстық саяси жүйенің негізгі институттары дағдарысқа түскен болатын. Қоғамда сыбайлас жемқорлық күшейді, нәсілдік кемсіту жойылмады, саяси билікке адамдар қанағаттанбады. Бұл билік институттарына сенімсіздікті, саяси абсентеизмді, билікке жаппай қарсы шығуды күшейтті. ХХ ғасырдың 70 жылдары Батыс Европада соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар күшейді. Бұрынғы құндылықтар /жеке табыс, байлық/ өз мәнін жойды. Мысалы, хиппилер қозғалысы. Ғалымдар осы құбылыстардың мәнін ашу үшін бар күштерін салды. Бұл саяси әлеуметтендіру мәселесінің өзектілігін тудырды.
Сонымен саяси әлеуметтендiру көптеген ғалымдардың айтуы бойынша адамның саяси кеңiстiкте өзiн-өзi ұстауына, белгiлi бiр билiк қызмет атқаруына көмектесетiн сала. Саяси әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды:

  • жеке адамның белгiлi бiр норма, құндылық, күткен рөлiн игеруi;

  • белгiлi бiр саяси әрекет, мiнез-құлық түрлерiн қолдануы.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

  • қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

  • қоғамның мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

  • саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Д.Истон мен Дж.Деннис саяси әлеуметтендіруді 4 кезеңге бөледі:

  1. саясаттану, яғни баланың ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын сезінуі;

  2. жекелеу, мұнда бала саяси билікті президент, полицейлер тұлғасы арқылы жекелеп сезінеді;

  3. дәріптеу, яғни саяси қайраткерге тек жақсы қасиеттерді тану;

  4. институттандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы (партия, сот, парламент, әскер т.б.) қабылдау.

Әлеуметтенудiң мәнi– адамның белгiлi бiр бiлiм жүйесiн, құндылықтары мен заңдылықтарын меңгерiп, қоғамның толыққанды және тең құқылы мүшесi ретiнде қызмет атқаруы.
Саяси әлеуметтену саясаттануда бiрнеше анықтамаларға ие, мәселен:

  • саяси әлеуметтендiру– бұл индивидтi саяси жүйеге ендiру;

  • саяси әлеуметтендiру– бұл тұлғаның қоғамда жинақталған әлеуметтiк және саяси тәжiрибесiн бойына сiңiруi, сондай-ақ мәдени әдет-ғұрыптар, топтың және жалпыұжымдық құндылықтар, саяси iс-әрекеттiң статустық және рөлдiк нормаларын меңгеруi;

  • Саяси әлеуметтендiру– бұл белгiлi бiр қоғам мүшесi ретiнде адамның интеграциялануы мен игеруi арқылы жүретiн процесс, яғни қоғамға тән саяси мәдениеттiң негiзгi элементтерiн меңгеру процесi.

Саяси әлеуметтендiру түсiнiгiн екi негiзгi мағынада түсiндiруге болады:
1) жеке адамның саяси пiсiп жетiлуi, оның саяси ”Менiнiң” қалыптасуы;
2) саяси көзқарастар, идеялар құндылықтар процесiн бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа, бiр әлеуметтiк топтан және қауымдастықтан келесi бiр әлеуметтiк топ пен қауымдастыққа беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет