Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет



бет94/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет − Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім-шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның кабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру туралы» декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Ақиқатында, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). АӨСШК-ні құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты − Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.
I саммитте екі маңызды құжатқа − Алматы актісі мен АӨСШК Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиядағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.
2004 жылы қазан айындағы АӨСШК-ге мүше елдерінің II кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалык, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.
II саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан − АӨСШК-ні құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге, яғни 2002-2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. АӨСШК-тің 2010 жылы III саммиті Қазақстанда өтті.
ШЫҰ мен АӨСШК − тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастык ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы айрықша маңызы бар фактор ретінде танылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет